30 елде маймыл шешегін жұқтырған 550-ден астам науқас тіркелді – ДДСҰ

02 маусым 2022, 11:59

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде маймылдың 550-ден астам жағдайын тіркеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы брифингте ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс мәлімдеді. Маймыл шешегінің індетін зерттеу жалғасуда, деді ол. Айтуынша, вирустың кенеттен көптеген елдерде бір уақытта пайда болуы оның біраз уақыт үнсіз режимде тарағанын білдіруі мүмкін.

Қазір ДДҰ-ға маймыл шешек вирусының эндемиялық емес 30 елінен расталған 550-ден астам науқастың жағдайы туралы хабарланды.

Демалыс күндері жарияланған жаңа ақпаратта ДДСҰ 2 маусымдағы жағдай бойынша вирустың таралуы тән емес 23 елде 257 науқас тіркелсе, 120-ға жуық адам вирус жұқтырды деген күдік бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елдерді мұның үлкен індетке ұласуына жол бермеу үшін "мүмкіндіктер терезесін" пайдалануға шақырды.

Гебрейесус жұқпалы аурулардың көбейетінін айтты, сонымен қатар маймыл шешегінің белгілері өздігінен жойылатынын, бірақ кейбір жағдайларда ауру формада өтуі мүмкін екенін еске салды.