30 жастағы кәсіпқой боксшыны атып өлтірді

27 желтоқсан 2021, 11:01

АҚШ-та 30 жастағы ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы Дэнни Келли жол талғамайтын көлігін айдап бара жатып, оққа ұшты. Қайғылы оқиға кезінде көлікте оның бүкіл отбасы болған деп хабарлайды orda.kz.

 

Оқиға 25 желтоқсанда Мэриленд штатының Темпл-Хиллз қаласындағы Сент-Барнабас тас жолында болған. Полицияның мәліметінше, боксшының көлігінің жанына тағы бір көлік тоқтап, жүргізушіге оқ жаудырған.

 

Дәрігерлер боксшыны аман алып қала алмағандарын айтты. Оның құрбысы мен үш баласы дене жарақатын алмаған. Кісі өлтірушіні табуға көмектесетін ақпарат үшін 25 000 доллар сыйақы ұсынылды.

 

– Келли мырзаның отбасы мен достары үшін өте ауыр қаза. Бүгін Рождествода ол жақындарымен үйде бола алмайды. Қазір туыстары мерекені тойлаудың орнына, Келлиді жоқтап отыр, – деді полиция қызметкері Дэвид Блейзер.