Шартарап

33 жастағы әйел екі баласымен 19-қабаттан секіріп кетті

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Ресейдің Мәскеу қаласында Левобережная көшесінде орналасқан тұрғын үйдің ауласынан 33 жастағы әйел мен кәмелет жасқа толмаған екі баланың денелері табылды. Алдын ала мәлімет бойынша олар 19-қабаттан секіріп кетіп, мерт болған.

 

Бұл туралы Shot хабарлады.

 

Қаза болған балалар 2018 және 2021 жылы туған екен. Әйел балаларымен бірге көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен. Марқұмның көршілері айғайлаған дауыс пен қатты соққының дыбысын естігенін айтады.

 

Оқиға орнына әйелдің күйеуі келді. Ол шок жағдайында, тіпті атын да айта алмайды. Порталдың мәліметінше, пәтердің іші тап-таза, балалардың ойыншықтары ғана әр жерде жатыр.

 

Көршілердің айтуынша, марқұм соңғы кезде жалғызсырап жүргенін айтып, шағымданған. Ольга не құрбысының, не танысының жоқ екенін айтқан. Ал күйеуінің әскери қызметкер екенін, үнемі жұмыста болатынын да атап өткен.

 

 

Белгілі болғандай, ол өлер алында хат қалдырып кеткен. Онда осы өмірден мәңгі кететінін, бірақ жалғыз кете алмайтынын жазған. Әйел балаларын өзі туғандықтан, осынау ауыр, түнерген әлемде оларды қалдыра алмайтынын да жазған. Сонымен қатар Ольга туыстары мен күйеуінен кешірім сұраған. Ол балаларын одан өзге ешкім тәрбиелей алмайтынына сенімді болған. Себебі анасының өз-өзіне қол жұмсағанын білген балаларда психологиялық бұзылыстар болатынын да айтқан.

 

Қалдырған хатында Ольга бұрын күйзелістен емделгенін, алайда соңғы кезде өмірі тым адам төзгісіз болып кеткенін атап өткен. Ол өліміне ешкімді кінәламауды сұраған.

 

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 701    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.10.2021, 00:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31