Шартарап

37 жыл темекі шеккен әйелдің бет-әлпеті дәрігерлерді шошытты (фото)

  • https://turkystan.kz/

    https://turkystan.kz/

Мельбурнда ерекше түйткілге тап болған 51 жастағы әйел дерматологқа жүгінді, деп хабарлайды Medialeaks. 

 

Науқастың бетінде қалың түк пайда болып, екі ай ішінде терісін түгел жапқан. Аз уақыт ішінде адам танымастай өзгерген әйел дәрігерлерден көмек сұраған.

 

Мамандар науқасқа алғашқыда «лануго шашы» деген диагноз қойды.  Бұл жаңа туған нәрестелерде болатын және әдетте туғаннан соң бірнеше айдан кейін өздігінен жоғалып кететін түктер.

 

Дәрігерлер үшін ланугоның ересек әйелдің денесінде неге пайда болғандығы құпия болып қала берді. Мамандар бұл симптом қатерлі ісік, жүйке анорексиясы, тамақтанудың бұзылуы, эндокриндік бұзылулар немесе кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдау салдарынан туындаған деп болжады. Әйел ешқандай дәрі қабылдамаған және созылмалы аурулары да болмаған, бірақ 37 жыл темекі шегетіні белгілі болды. Компьютерлік томография жасап, мамандар пациенттің оң жақ өкпесінде 12 мм көлеңке барын анықтады.

 

 

Бұл аденокарцинома &ndash шырышты бездерде пайда болатын қатерлі ісік түрі болып шықты. Әйелге химиялық және сәулелік терапия, содан кейін өкпенің ұсақ жасушалық қатерлі ісігін емдеу үшін қолданылатын иммунотерапия тағайындалды. Науқастың жағдайын сипаттаған зерттеушілердің айтуынша, ем нәтиже берген. Емді қабылдау басталғаннан кейін екі айдан кейін шаштың өсуі едәуір баяулады, жөтел мен салмақ жоғалту толығымен жойылды дейді Мельбурндегі Питер Маккаллум онкологиялық орталығының дәрігерлері.

 

 

 

turkystan.kz




Көрілген: 607    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 11:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31