Шартарап

39 адамның мәйіті. Іс бойынша тағы бір күдікті ұсталды

  • 9 адамның мәйіті табылған жүк көлігі © REUTERS

    9 адамның мәйіті табылған жүк көлігі © REUTERS

Ұлыбританиялық полиция дүйсенбіде 39 вьетнамдықтың мәйіті бойынша іске қатысты тағы бір күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым мәліметінше, Эссекс полицейлері дүйсенбіде Пурфлит қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстады.

"Пурфлит тұрғыны 25 қарашада құрықталды. Күдіктіге абайсызда адам өлтірді, адамдарды заңсыз тасымалдау жайлы келісім жасағады және 39 вьетнамдықтың қайтыс болуына байланысты жүргізілген тергеу аясында заңсыз иммиграция жүргізді деп айып тағылып отыр", - делінген жергілікті полиция басқармасының Twitter желісіндегі парақшасында.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, күдікті бүгінде тергеу амалдары аясында қамауда отыр.

Еске салайық, биыл 23 қазанда Ұлыбританияның Эссекс графтығында жүк көлігінен 39 адамның мәйіті табылған. Оның сегізі - әйел адам болса, қалған 31-і ер адам екені анықталған. Оқиға бойынша жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі Солтүстік Ирландиялық Мо Робинсон адам өлтірді деген күдікпен ұсталған.

Тengrinews.kz

 




Көрілген: 490    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.11.2019, 10:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31