4 жасар жазушы бала Гиннестің рекордтар кітабына енді

17 мамыр 2023, 07:45

Біріккен Араб Әмірліктерінде 4 жастағы бала әлемдегі ең жас жазушы ретінде Гиннестің рекордттар кітабына енді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Балақайдың жазған ертегілері бір мыңнан астам тиражбен жарыққа шығып, сатылып кеткен.

 

Жазушының айтуынша, қалам тербеуге әпкесі себепші болған.

 

Інісіне шабыт берген әпкесі де 8 жасында әлемдегі ең жас қаламгер атанды. Оның кітабы 2 тілде жарық көрген.