Шартарап

4 мамырдан бастап Үндістанда болған шетелдіктер АҚШ-қа кіре алмайды

  • https://hromadske.ua/

    https://hromadske.ua/

Үндістандағы коронавирустың таралу жағдайы көптеген елдерге арнайы шара қабылдауға итермелеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми ақпараттың телеграм каналы жариялаған мәліметке сәйкес, Малайзияда ең алғаш Үндістанда анықталған коронавирустың бір түрі табылды.

 

Дәрігерлер бұл вирусты Куала-Лумпур әуежайында тестілеу кезінде Үндістан азаматынан анықтады.

 

Бұған дейін Малайзия билігі Үндістанмен көлік қатынасын толығымен тоқтатқан болатын.

 

Албания билігі Ресейдің « Спутник V « вакцинасын тіркеді, препараттың алғашқы партиясы елге жеткізілді. Албания Ресей вакцинасын қолдануға рұқсат етілген 64-ші ел болды.

 

АҚШ президенті Джо Байден Үндістаннан АҚШ-қа кіруге шектеулер қойды. Соңғы екі аптада Үндістанда болған шетелдіктер 4 мамырдан бастап елге кіре алмайды.

 

Коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының саны бойынша Түркия әлемде 5-ші орынға шықты- 4,87 миллионнан астам жағдай.

 

Үндістанда коронавирустан қайтыс болғандардың тәуліктік өсімі бойынша жаңа антирекорд тіркелді-3 689 жағдай.




Көрілген: 619    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.05.2021, 17:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30