Шартарап

40 жыл бойы соғыстан жасырынып джунглиде өмір сүрген азамат адамдарға оралған соң қатерлі ісіктен көз жұмды

  • 40 жыл бойы соғыстан жасырынып джунглиде өмір сүрген азамат адамдарға оралған соң қатерлі ісіктен көз жұмды

    40 жыл бойы соғыстан жасырынып джунглиде өмір сүрген азамат адамдарға оралған соң қатерлі ісіктен көз жұмды

Джунглиде 40 жыл өмір сүрген 52 жастағы "вьетнамдық Тарзан" Хо Ван Ланг өркениетті өмірге оралғаннан кейін сегіз жыл ғана өмір сүріп, бауыр қатерлі ісігінен көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

1972 жылы американдық ұшақтар сол кезде екі жасар Хо Ван Ланг тұрған Вьетнам ауылын бомбалаған. Елді мекенде тек Хо Ван Ланг пен оның әкесі Хо Ван Тхан аман қалады. Олар жауларынан құтылу үшін джунглиде жасырынуға мәжбүр болды. Осылайша отбасы Вьетнам соғысы әлі аяқталған жоқ деп ойлап, 40 жыл орманда өмір сүрген. 

 Ланг ешқашан сағат көрмеген және электр қуатының бар екенін білмеген. Ол өзінің сырт келбетін тек өзеннен көріп, елестете алған. Сондай-ақ, тек 10-ға дейін санау білген. Ол жарқанаттарды "зәйтүн сияқты жеп" күн көрген. Джунглиде өмір бойы әкесінен басқа, Ланг бес адам ғана көрген. Олардың арасында бірде-бір әйел болмаған. 

Лангтың әкесі бүкіл отбасы мүшелерінің көз жұмғанына сенімді болған. Алайда оның тағы бір ұлы Хо Ван Чи аман қалып, көптеген жылдар бойы әкесі мен ағасын іздегені белгілі болды. 2013 жылы ол әкесі мен бауырын Куанг Нгай провинциясындағы Ча Син елді мекенінің жанындағы орманнан тауып алып, ауылға қайтарған. 

Ланг өркениетті өмірде тек сегіз жыл өмір сүрді. 2015 жылы ол зерттеуші Альваро Церезомен кездеседеді. Зерттеуші сол кезде адам тұра алмайтын аралдарға жеке сапарлар ұйымдастыратын компанияда жұмыс істеген. Ер адамдар достасып, бір күні Цезеро Лангтан бір апта джунглиде өмір сүруді үйретуін өтінді.

"Ол мен кездестіргендердің ішіндегі ең қызықты адам болды. Джунглиде бірге өмір сүрген кезімізде мен бірнеше сағат отырып істейтін затты, ол секундта істеп тастайтын”, – дейді ол. 

Дүйсенбі, 6 қыркүйекте Хо Ван Ланг бауыр қатерлі ісігінен көз жұмды. Зерттеушінің пікірінше, өркениетке оралу Джунглиде өмір сүріп үйренген вьетнамдыққа оң әсерін тигізбеді. Ол өмірі жеп көрмеген, таңсық тағамдарды жей бастады. Жартылай фабрикаттарды жеп, тіпті кейде алкоголь ішті.

"Енді оның біздің арамызда жоқтығы өте өкінішті. Бірақ мен оның өлімін азаттық деп есептеймін. Өйткені, оның соңғы айларда қатты азап шеккенін білемін", — деді Церезо.




Көрілген: 452    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.09.2021, 22:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31