Шартарап

400 мың теңгеге бет әлпетін сатқысы келетіндер көбейген (видео)

  • Скриншот: Viral Press

    Скриншот: Viral Press

Жапонияда шынайы адамның бет жүзінен айнымайтын маска әзірлейтін компанияға түр әлпетін 98 000 иенаға (шамамен 400 мың теңге) сатуды қалайтындар күн санап көбейіп жатыр деп жазады Viral Press.

 

Жапонияның Токио қаласында ерекше маска сатылымға қойылуда. Kamenya Omoto атты компания ел назарына шынайы адамның келбетінен айнымайтын маскаларды назарға ұсынды.

 

 Бір қызығы әзірге мұндай масканы сатып алушылардан гөрі бет-жүзінің көшірмесін маска әзірлеуге сатқысы келетіндердің қарасы басым болып шыққан. Себебі, аталмыш компания сізге ұқсаған масканы әзірлеу үшін шамамен 400 мың теңгеге дейін (98000 иена) төлеуге әзір.

 

Осылайша, адамдардың бет-бейнесін сатып алып жатқан компания тек бір шарт қойып отыр, сіздің бет-жүзіңіз маскаға көшіру үшін ерекше әрі есте қаларлық болуы тиіс.

 

Одан бөлек, маска әзірлеуде көшірмелеуге рұқсат берген тұлға әр маска сатылымынан түскен пайданың бір бөлігін алып отырады.

 

Компания қызметкерлері өз келбетін сатқысы келетіндердің көп болып шыққанына таң қалғанын жасырмайды.

 

Бүгінде компания дизайнерлері ең қызықты және есте қаларлық адамдарды таңдап, іріктеуге көшкен.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 2110    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.11.2020, 13:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31