Шартарап

5-сынып оқушысына интимді қатынас ұсынған мұғалім 15 тәулікке қамалды

  • Көрнекі фото:  https://www.gazeta.ru/

    Көрнекі фото: https://www.gazeta.ru/

30 маусымда Ферғана облысының Өзбекстан аудандық соты 12 жастағы оқушыға интимді жақындық ұсынған 42 жастағы музыка пәнінің мұғаліміне шешім шығарды.

 

Сот оны "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айыпты деп танып, 15 тәулікке қамау жөнінде шешім шығарған. Мұғалім бір жылдан кейін мектептегі жұмысына қайтып орала алады.

 

Оқушының адвокаты айыпталушы Әкімшілік кодекс емес, Қылмыстық кодекс бойынша жазаға тартылуы керек еді дейді.

 

– Судья бұл адамға қатысты Қылмыстық кодекстің кемінде үш бабын - "Қылмыс жасауға дайындалу", "Әйелді төсек қатынасына мәжбүрлеу" және "Жасы кәмелетке толмаған жеткіншекке азғындық әрекетін жасау" баптарын қолдануы керек еді. Судья егер осы үш бапты қолданып, айыпталушыны жазаласа, сот әділдігі болатын еді", ​– дейді адвокат.

 

Сот мәліметі бойынша, оқушы қызға музыка пәнінің мұғалімі интимді жақындық ұсынып, хат жазған. Ол бұл хатты әке-шешесіне көрсеткен. Әке-шешесі бірден құқық қорғау органдарына арызданған.

 

Енді Өзбекстан ауданының тұрғындары жазаланушы 15 тәуліктен кейін бостандыққа шығады деп балалары үшін қорқып отыр.

 

Елдің білім беру министрлігі бұл оқиғадан хабары жоқ екенін айтты.

 

 

 

centralasian.org




Көрілген: 826    Пікірлер: 0

жұма, 02.07.2021, 17:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30