Шартарап

50 келі салмақ тастаған бойжеткен адам танымастай өзгерді (фото)

  • Фото: instagram.com/_toriwhite

    Фото: instagram.com/_toriwhite

Англияның Ливерпуль қаласынан шыққан Тори Уайттың орта мектепте оқып жүрген кездегі салмағы 108 келі болған. Ол толықтығының кесірінен қатарластарымен араласа алмай, үнемі күлкіге қалатын деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

 

Сыныптастарына ренжіген Тори диета ұстап, салмақ тастауды мақсат еткен. Ол күнделікті тамақтану режиміне көңіл аударып, пицца мен балмұздақтың орнына пайдалы тағамдарды тұтына бастаған. Оған қоса бойжеткен интенсивті жаттығулар жасауға көшкен.

 

 

Осылайша, британиялық ару тоғыз айда 50 келі салмақ тастаған. Десе де, ол оны жеткіліксіз деп санап, сондықтан арықтауын жалғастыра берген. Көп ұзамай Тори 44 келі болды.

 

 

"Мен айнаға қараған сайын сол баяғы толық Ториді көрдім. Құр сүйекке айналдым. Ал менің психикалық жағдайым одан әрі нашарлай бастады", - дейді ол.

 

 

 

 

Қазіргі уақытта Торидің салмағы 56 келі. Ол заңгер мамандығы бойынша білім алуда. Ару өзін бұрынғыдай толық деп есептемейді. Тори Instagram парақшасын белсенді жүргізеді. Бойжеткен әлеуметтік желіде өзінің әлі де мінсіз емес екенін көрсетіп, суреттер жариялап тұрады.

 

 

 




Көрілген: 529    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.06.2020, 00:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31