Шартарап

500-ден астам такси жүргізушісі орталық көшелерді бөгеп тастады

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Германия астанасында 500-ден астам такси жүргізушісі өздерінің қызмет көлігімен сап түзеп, Берлиннің орталық көшелерін бөгеп тастады.

 

Наразылық шарасынан Берлинде көлік кептелісі пайда болып, тұрғындарға қолайсыздық туғызды.

 

Ал такси жүргізушілерінің мұндай қадамға баруына Убер қызметі түрткі болған.

 

Себебі такси жүргізушілері кәсіпқой маман ретінде лицензия мен сақтандыруға едәуір салық төлейді. Ал Убер мұндай алымдардан босатылған.

 

Соның салдарынан онсыз да коронавирус кезінде кірісі азайған такси жүргізушілері көп зардап шеккен. Сондықтан шерушілер биліктен барлығына бірдей ереже енгізіп, әділетті бәсекелестік орнағанын қалайды. 

 

Измаил, такси жүргізушісі:

 

- Біз Уберге қарсы емеспіз. Себебі бізде еркін нарық қой. Бірақ олар салық төлеуден босатылғандықтан тәртіп сақтамайды. Мұндай бәсекелестік біздің кәсібімізге көп нұқсан келтіріп жатыр. Сондықтан билік мәселені шешу керек.

 

Бюлент, такси жүргізушісі:

 

- Убер бақыланбайтын күш емес, жай фирма. Ол да біз сияқты осы бизнестегі ережеге бағынуы тиіс. Германияда мұндай әділетсіздікке жол берілмеу керек.

 

 

 

 

24.kz




Көрілген: 932    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.02.2021, 02:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30