Шартарап

"$500 мың ұсынды": Ерекше сұлу ару ерлердің әдепсіз ұсыныстары жайлы айтты

  • Фото: Instagram / kateno4eklala

    Фото: Instagram / kateno4eklala

Рекордтық ұзын шашқа ие украиналық ару ерлер қауымының өзіне жиі оғаш, кейде тіпті әдепсіз ұсыныстар жасайтынын көпшілікке жария етті.

 

Айтуынша, қалталы азаматтардың бірі оның басын ақшаға тақырлауды ұсынған деп жазады Daily Mail.

 

Украиналық блогер әрі модель Катерина Демерс ерекше ұзын шашқа ие болуының арқасында көпшіліктің ыстық ықыласына бөленуде. Шашының ұзындығы 147 санитметрге дейін жететін ару бүгінде Ұлыбританияда тұрып жатыр.

 

 

Тоғыз жыл бұрын шашына қайшы жолатпауды ұйғарған Катерина көпшілік арасында Рапунцель деген лақап атқа ие болды.

 

 

Бойжеткен бейтаныс адамдардан жиі мақтаулар еститінін айтуда.

 

Алайда мақтаудан бөлек, орынсыз өтініштер айтып, мазасын алатындар да баршылық екенін жасырмады.

 

 

Әсіресе ер азаматтардың арасында түрлі жағымсыз ұсыныстар жасап, тіпті қалауын орындаса қомақты қаражат беремін дейтіндер де табылады екен.

 

 

Айтуынша, бірі Катеринаның шашын қомақты ақшаға ұстап, тарағанды қаласа, енді бірі оны тақырлағысы келетін болып шықты.

 

Жақында неміс кәсіпкері оның шашын тақырлауына рұқсат берсе, тіпті 500 мың доллар төлеуге әзір екендігін айтыпты.

 

Ал кейбірі аурға еш ұялмастан төсек қатынасын ұсынатын көрінеді.

 

Катерина мұндай әдепсіз ұсыныстардан бірден бас тартатынын алға тартты.

 

 

Катерина шашын аптасына екі рет жуып, қымбат косметикамен күтім жасайтынын жасырмады.

 

Одан бөлек ұштанған шаштарын арасында қиып отыратынын айтып, шаш күтімінің құпиясымен бөлісті.

 

 

 

 

 




Көрілген: 3747    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.06.2021, 18:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31