Шартарап

51 жастағы олигарх 18 жастағы шешен қызына үйленді (фото)

  • Фото: spletnik.ru

    Фото: spletnik.ru

Алла Пугачеваның бұрынғы күйеу баласы Руслан Байсаров 18 жастағы шешен қызына үйленді. 51 жастағы кәсіпкердің Аламат Әбубакаровамен отау құрғаны жайлы ақпарат ресейлік БАҚ беттерінде пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ spletnik.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үйлену той Жаңа жыл қарсаңында болғанымен, суреттер енді ғана тарап жатыр. Жуырда қалыңдықтың суреті Instagram желісінде жарияланды. Кей ақпаратқа сәйкес, жұптың таныстығы да әлеуметтік желіден басталған. Дәлірек айтқанда, жұбайлар Instgaram арқылы сөйлесіп жүрген.

Аламат Әбубакарова Шешен Республикасы Шали ауылынан. Ол Forbes нұсқасы бойынша Ресейдегі ең бай кәсіпкерлер қатарына кіретін Руслан Байсаровтың (2018 жылы журнал оның дәулетін 900 млн доллар деп бағалаған) алтыншы жары. Олигархтың бұрынғы ара-қатынастарынан алты баласы бар. Үлкені-26 жастағы Камилланың анасы модель Татьяна Ковтунова болса, 21 жастағы ұлы Денидің анасы әнші Кристина Орбакайте.

БАҚ беттеріндегі ақпаратқа сенсек, Әбубакарова мен Байсаровтың тойына қалыңдықтың ата-анасы ақ батасын берген. Бірақ, кәсіпкер 2009 жылы отау құрған бұрынғы жары Мадина Гайтаевамен ажыраспаған. Олардың некесі Шешен Республикасы Итум-Калин ауданы Ведучи ауылында тіркелген. Бүгінде ерлі-зайыптылардың Амин және Амир есімді ұлдары бар. Жұбайлар қазір бөлек тұрады.

Айта кетейік, қазақстандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілім мен оның қалыңдығы Махаббат Түктібаева заңды түрде ерлі-зайыпты атанды.

 




Көрілген: 1499    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.01.2020, 17:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31