Шартарап

56 жастағы әйел мұрагерлік үшін күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

  • Фото: Wendie-Sue Dent

    Фото: Wendie-Sue Dent

Австралия тұрғыны мұрагерлік үшін күйеуін өлтірді деп күдіктелді. Келіншек сотқа өзінің кінәсіз екенін дәлелдеу үшін неке жүзігін ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

 

62 жастағы Дэвид Лоуренс 2015 жылдың желтоқсанында қайтыс болған. Мәйітті тексеру кезінде өлімге әкелетін морфин дозасы және бірнеше дәрілік заттар анықталады.

 

Белгілі болғандай, оның жұбайы - 56 жастағы Венди-Сью Дент те аталған дәрілерді қабылдап жүрген.

 

Прокурордың айтуынша, әйелі Лоренсті өзінің дәрі-дәрмектерінің қоспасымен әдейі улаған. Күйеуі қайтыс болған жағдайда, ол 300 мың долларды мұраға алады екен. Дентті жалғыз мұрагер ететін өсиетке Лоуренс қайтыс болардан тоғыз апта бұрын қол қойған.

 

Прокуратура өсиеттің қолдан жасалғанын жоққа шығармады. Дент өзінің кінәсіз екенін және өсиетті қолдан жасамағанын барынша дәлелдемек болады.

 

Оның адвокаты Лоуренс пен Денттің бір-біріне ғашық болғанын және үйленгілері келгенін мәлімдеді.

 

Оның айтуынша, қос ғашық дәрігердің қабылдауына барған. Ал ақ халатты өз кезегінде Лоуренске виагра жазып беріпті.

 




Көрілген: 415    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 22:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31