Шартарап

58 жастағы әйел алғаш рет нәрестелі болды

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Ресейде 58 жастағы әйел тұңғыш баласын өмірге әкелді. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

 

58 жастағы Мария Конова алғашқы перзентін Санкт-Петербургтегі №18 перзентханада босанған. Өмірге дені сау, салмағы 2,04 келі болатын ұл бала келген. Оған Юрий деген есім беріліпті.

 

Конованың сөзінше, ол алдағы уақытта тағы да балалы болмақ ниетте.

 

Сонымен бірге, жас босанған әйел осы уақытқа дейін неліктен сәби сүймегенін де айта кеткен.

 

Оның сөзінше, 60 жылдары өмірге келген адамдардың ұлы мақсаттары, армандары мен қызықты істері бар. Осыған байланысты әйел үнемі жұмыста болып, жобалармен айналысып, студенттерге сабақ беріп келген.

 

Алайда 2019 жылы оның күйеуі әрі математика профессоры балалы болғысы келетінін айтып, Мюнхендегі емханалардың бірінде тексерілуге ұсыныс жасаған.

 

Неміс дәрігері егде жаста балалы болудың айтарлықтай қауіпті екенін ескертіп, отбасыны бұл ойынан айнытпақ болыпты. Алайда ерлі-зайыпты балалы болудан бас тартпаған.

 

Дегенмен, неміс дәрігері әйелге Ресейге барып босануға кеңес берген екен.

 

Осылайша, ресейлік дәрігерлер ғалым әйелді аман-есен босандырып алған.

 

Еске сала кетсек, Семей тұрғыны 51 жасында тұңғыш баласын босанғанын жазған едік. Дәрігерлердің сөзінше, босану процесі сәтті өтіп, жарық дүниеге қыз бала келген.

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 1340    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 12:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31