Шартарап

6 жасар бала терезеден құлап кеткен сәбиді құтқарып қалды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

 Алты жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен бүлдіршінді құтқарып қалды.


Оқиға 25 наурызда Чеховице-Дзедзице қаласында орын алған. Мачик есімді оқушы аулада досымен бірге ойнап жүрген. Осы кезде терезенің ернеуінен 3 жасар Кордианды көріпті.


«Ол секіріп кетті. Мен оны ұстап қалдым», - дейді Мачик.


Бүлдіршін 3 метр биіктіктен секірген. Сондықтан оны қағып алған Мачик жараланбапты.


Мұнан кейін Кордиан «алаңға барғысы келетінін» айтып, жүгіре жөнелген. Алайда Мачик досымен бірге оны ұстап алып, өзінің анасына алып барыпты. Мачиктың анасы Кордианның ата-анасы тұратын пәтерге барып, есігін қаққанымен, ешкім шықпапты.


Артынша ол полиция шақыртқан. Полицейлер есікті бұзып кіріп, пәтерден Кордианның анасы мен атасын мас күйінде ұйықтап жатқан жерінен табады.


Тәртіп сақшылары әйелді тұтқындады. Ол баланы қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін 5 жылға дейін қамалуы мүмкін.


Ал Кордианды тәтесі өз қамқорлығына алды. Полиция өкілі Эльвира Юрас Мачиктің баланы құтқарып қалғаны үшін марапатқа ұсынылатынын айтты.


ktk.kz


 




Көрілген: 507    Пікірлер: 0

сенбі, 30.03.2019, 08:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31