Шартарап

600 млн адамның құпия сөзін біліп отырған: Facebook акционерлері Цукербергтің қызметінен кетуін талап етті

  • 600 млн адамның құпия сөзін біліп отырған: Facebook акционерлері Цукербергтің қызметінен кетуін талап етті

    600 млн адамның құпия сөзін біліп отырған: Facebook акционерлері Цукербергтің қызметінен кетуін талап етті

Бір топ инвестор Марк Цукербергті Facebook басшысы қызметінен босатуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mashable сайтына сілтеме жасап.


Аталған өтініш АҚШ биржасы мен құнды қағаздары туралы комиссияның сайтында жарияланған. Акционерлердің айтуынша, Цукерберг инвесторларға компания жұмысына өзгеріс енгізуге мүмкіндік бермей отыр.


"Цукербергтің акция пакеті 60%-ті құрайды. Осы себептен директорлар кеңесі мен тәуелсіз директор оның не істеп жатқанын тексере алмайды", - делінген хабарламада.


Акционерлер компанияның құнын төмендетіп, оның әлем бойынша беделін түсірген жағдайларға алаңдаушылық білдіріп отыр. 2018 жылдың шілде айында Facebook бағасы жетекшілердің шешіміне байланысты 40% арзандады. Биыл акционерлердің жиыны 30 мамыр күні өтеді.


Шамамен Facebook компаниясының 20 мың қызметшісі 600 миллион желі қолданушысының аккаунт құпия сөзін біліп отырған. Бұл туралы 2019 жылдың наурыз айында компьютерлік қауіпсіздік саласының зерттеушісі Брайан Кребс мәлімдеді.


Бір жыл бұрын Facebook компаниясының АҚШ президенті Дональд Трамппен тығыз қарым-қатынаста болып, сайлау кезінде Cambridge Analytica фирмасына 50 миллион қолданушының жеке ақпаратын табыстағаны әшкереленді. Facebook өз кезегінде Cambridge Analytica фирмасымен бірігіп жұмыс жасағанын мойындады.


2018 жылдың қыркүйек айында Facebook желісіндегі 50 миллион аккаунтты белгісіз хакерлер бұзды.




Көрілген: 724    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.04.2019, 11:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30