Шартарап

62 жастағы әйелдің сұмдық әрекеті әшкере болды

  • Фото: amurmedia.ru

    Фото: amurmedia.ru

АҚШ тұрғыны зейнетақы алу үшін 15 жыл бойы әжесінің денесін жертөледе сақтаған, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі Fox News арнасына сілтеме жасап.

 

Жантүршігерлік қылмыс Пенсильвания штаты Уоррингтон Тауншип қаласында болған. 2019 жылдың ақпанында Гленора Делахей есімді зейнеткердің денесі табылыпты. 1 жылдан соң құқық қорғау орғандары қаза тапқан зейнеткердің 62 жастағы Синтия Блэк есімді немересінің ізіне түскен. 26 мамырда тәртіп сақшылары әйелді тұтқындап, полиция бөліміне жеткізген. Тергеу барысында ол әжесінің 2004 жылы 97 жасында қайтыс болғанын айтқан.

 

Синтия Блэк әжесін жерлеуге асықпапты. Себебі ол әжесінің зейнетақысын және басқа да әлеуметтік төлемдерін алып, өз ипотекасын төлеуді ойлаған. 62 жастағы әйел мәйітті жертөлеге сүйреп апарып, үлкен мұздатқышқа салып қойыпты.

 

Полиция Синтия Блэкке "ұрлық жасады, мүлікті заңсыз иеленді және өлікті қорлады" деген айып тақты. Алдын ала тыңдау 10 маусымға белгіленді.  




Көрілген: 561    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 18:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31