6380 доллар тұратын балмұздақ

24 мамыр 2023, 09:43

Десерт қоспаларының бірі – ақ трюфель. Ол Италияның Альба қаласында өндіріледі, бір келісі 2 млн иен немесе 14500 долларға дейін жетеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы inbusiness.kz тілшісі CNN News-ке сілтеме жасап жазды.

Жапонияның балмұздақ шығаратын Cellato брендінің веб-сайтында "ақ түн" джелатто деп жазылған. Бұл оның италиялық асханаға қатысын меңзейді.

 

"Ақ түн" деп аталатын мұздатылған десерт – бьякуьяның құны қазіргі уақытта 880 мың иен немесе 6380 долларды құрайды.

 

Балмұздақтың беті жеуге болатын "алтын" жапырақтармен, ірімшіктің екі түрімен және "Сакекасумен" - сакені дайындау процесі кезінде алынатын паста тәрізді қоспамен безендіріледі.

 

Cellato компаниясы өкілінің айтуынша, десерттің құрамын ойлап шығаруға 1,5 жыл кеткен. Мұндағы миссия дәмді қымбат десерт дайындау ғана емес, сондай-ақ аспаздық саяхат. Яғни еуропалық қоспаларды дәстүрлі жапон тағамдарымен үйлестіру.

 

Cellato веб-сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, десертті Жапонияда сатып алуға болады.