Шартарап

7 жасар ұлының күйеуге шығып жатқан анасына айтқан тілегі қонақтардың жүрегін елжіретті

  • CC0 / Noemi

    CC0 / Noemi

Шілденің ортасында Шотландияда Стэйси мен Роберттің үйлену тойы болды. Жұбайлардың өміріндегі осы бір айтулы күн Стейсидің ұлының арқасында жиналғандардың мәңгі жадында қалмақ, деп жазады life.ru.


Шотландияның ұлттық киімі – килтті киіп, қолына микрофон ұстаған кішкентай Энтони анасы мен оның күйеуіне жүрекжарды тілегін жеткізді. Балақай сөзін: "Бүгін анам мен қалыңдықтың құрбылары сондай құлпырып тұр. Бұл сөзіммен бәріңіз келісетін шығарсыздар", - деп бастады. Әрі қарай қалжыңдап, қонақтардың көңілін көтеруді жөн көріпті.


"Рэб екеуіміз де келбеттіміз... Әсіресе мен", - деді ол.


Содан соң балақай анасы Стейсидің өмір бойы ең жақын досы болғанын айтты. "Мен үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қолынан келгенін аямаған анамның алдында мәңгі қарыздармын", - деп жиналғандардың жүрегін еліжертті. Кейін тағы да әзілге көшті.


"Рэб, бізбен бірге болғаның үшін рахмет. Сен үйімізге махаббат, шаттық және... сыра алып келдің", - деді Энтони.


Ол Робертті "дұрыс таңдау" жасағаны үшін мақтап, бір отбасы ретінде жаңа өмірге қадам басуды асыға күтіп жүргенін айтты. Халықты тағы толқытқан балақай қайта қалжыңға басып, Роберттің алғаш рет үйге келгенін еске алды.


"Олар өздері туралы бір ауыз сөз айтып үлгергенше, мен әжеме сыбырлап үлгердім. Анашым, Рэб, кешіріңдер", - дейді Энтони жұртты қыран-топан күлдіріп.


Энтони құттықтау сөзімен бүкіл қонақты аузына қаратты. "Анам мен Рэб бір-бірі үшін жаралған. Енді біз үлкен бақытты отбасыға айналдық!" деді жеткіншек.


sputnik


 




Көрілген: 1185    Пікірлер: 0

сенбі, 27.07.2019, 16:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31