Шартарап

77 адамды өлтірген террорист «мемлекетке қарсы шағым түсіруді» жоспарлап отыр

  • 77 адамды өлтірген террорист «мемлекетке қарсы шағым түсіруді» жоспарлап отыр

    77 адамды өлтірген террорист «мемлекетке қарсы шағым түсіруді» жоспарлап отыр

77 адамды өлтірген норвегиялық террорист Андерс Брейвик мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz, РИА Новости агентігіне сілтеме жасап.

VG газетінің мәліметінше, Андерс Брейвик құқының бұзылуына байланысты сотқа шағым түсірмек.

"Андерс Беринг Брейвик мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды сұрады. Сондай-ақ, ол құқының бұзылуына байланысты мемлекетке қарсы шағым түсіруді жоспарлап отыр. Оның атынан (Брейвик) мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш бердім", - дейді адвокат Ойстен Стуррвик.

Оның айтуынша, Андерс Брейвик 21 жылдың 8 жылын түрмеде өткізген. Қазір оның мұндай өтініш беруге құқы бар екен. Адвокат мерзімінен бұрын шартты түрде босату өтінішіне екі есімді жазғанын айтты: Андерс Беринг Брейвик пен Фритьоф Хансен-Брейвик. Соңғы есімді сотталушы түрмеде отығанда алыпты.

Адвокат Брейвик жалғыз өзі камерада жазасын өтеп жатқанын жеткізді. Террористің пікірінше, бұл адам құқығын бұзу болып саналады екен.

Еске салайық, 2011 жылдың 22 шілдесінде Брейвик Ослода 8 адамды және Утейа аралындағы жастар лагерінде 69 адамды өлтірген. Сот оны 21 жылға бас бостандығынан айырған.




Көрілген: 291    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 22:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31