Шартарап

8 сынып оқушысы үйінде босанып қалды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Мәскеуде сегізінші сынып оқушысы үйінде босанып қалған.


Ол босанғанға дейін жүкті екенін білмепті. Басылым мәліметінше, 14 жастағы оқушы қыздың ата-анасы да, өзі де жүкті екенін білмеген.


Ол 8 сәуірдің түнінде анасын оятып, іші ауырып тұрғанын айтыпты. Ата-анасы жедел жәрдем шақырып, арада жарты сағат өткеннен кейін салмағы 2 100 келі болатын сәби дүниеге келген. Артынша жас ана мен сәбиі перзентханаға жеткізіліпті.


Оқиғадан кейін қыздың ата-анасы полиция бөлімшесінде жауап берді. Олар қыздарының жақсы оқығанын, полиция мектебіне түсуге дайындалып жүргенін және наурыз айының соңында мектепте медициналық тексеруден өткенін айтыпты, деп жазады stan.kz.


Ол кезде дәрігерлер қыздың жүкті екенінен күмәнданбаған көрінеді. Сонымен қатар қыздың анасы оның етеккірі де уақытылы болғанын айтады.


Десе де қыздың ата-анасы белгісіз себептермен сәбидің әкесін анықтаудан бас тартты. Белгілісі, оқушы қыздың әжесі жаңа туған сәбиді өз қамқорлығына алған.


ktk.kz




 




Көрілген: 1198    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.04.2019, 09:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31