Шартарап

82 жастағы әйел миллиардермен бірге ғарышқа аттанбақ

  • 82 жастағы әйел миллиардермен бірге ғарышқа аттанбақ

    82 жастағы әйел миллиардермен бірге ғарышқа аттанбақ

82 жастағы америкалық Уолли Фанк Amazon компаниясының негізін қалаушы миллиардер Джефф Безоспен бірге ғарышқа аттанады, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы миллиардер өзінің Instagram парақшасында айтты. Безос жазбасында ғарышқа ұшуға әйелдің 60-шы жылдардан бері дайындалып жүргенін атап өтті.


"Одан ұзақ ешкім күткен жоқ. Дайындық аяқталғанына қарамастан, бағдарлама тоқтатылды. 13 әйелдің ешқайсысы ғарышқа ұшпады. Енді уақыт келді. Командаға қош келдіңіз, Уолли. 20 шілде күні құрметті қонағымыз ретінде бізбен бірге ұшатыныңызға қуаныштымыз", - деп жазды миллиардер.


Безос Уолли Фанктің "Меркурий-13" тобындағы ең үздіктердің бірі болғанын айтты (1960 жылдары АҚШ-тың ғарыштық бағдарламасы бойынша ұшу үшін әйел астронавттарды даярлайтын алғашқы бағдарламасы).


Ғарыштық туризм компаниясының алғашқы жолаушылары Уолли Фанк, Джефф Безос пен оның ағасы Марк Безос сондай-ақ, есімі әлі жарияланбаған тағы бір жолаушы болады.


Айта кету керек, Уолли Фанк бұрын-соңды астронавт болған ең қарт адам.




Көрілген: 1600    Пікірлер: 0

жұма, 02.07.2021, 10:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30