Шартарап

85 жастағы қария қаруланған қарақшыларды қуып шықты (видео)

  • CC0 / Bernd Schray

    CC0 / Bernd Schray

Үш қарақшы букмекерлік кеңсеге шабуыл жасап, оңай жолмен ақша табуды жоспарлаған. Алайда 85 жастағы қария бұған жол бермеді.


Оқиға Ирландиядағы букмекерлік кеңсенің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бетіне маска киіп, қаруланған үш қарақшы кеңсеге баса-көктеп кірді. Оқиға орнында үш адам мен менеджер болған. Бір адам ұрыларды көре сала қашып кетті. Екіншісі үстел астына тығылды. Ал 85 жастағы Дэнис О'Конор міз бақпады. Ол ақырын ұрыларға жақындап, біреуімен төбелесе бастады, деп хабарлайды ВВС News.


Мұндай қолдауды көрген менеджер де екінші ұрыға тойтарыс берген. Ал үшінші қарақшы тапаншамен бөлемнің басқа тұсында күтіп тұрған болатын. Қария оны да кеңседен қуып шықты. Сұқбат берген О'Конор мұндай көмектің салдарын ойламағанын айтты. Ол тек менеджерге көмектеспек болған.


Қарияның айтуынша, кез келген адам осылай істейді. Алайда видеодағы өзге адамдарға қарап, мұны сенімділікпен айтуға болмайды.



 


 




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

жұма, 26.07.2019, 15:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30