95 жастағы қария алғаш рет отбасын құрды

25 мамыр 2022, 17:18

Уэльсте тұратын зейнеткер 95 жасында алғаш рет отбасын құрды. Оның жұбайы өзінен 11 жасқа кіші. Бірақ екеуінің танысқанына 23 жыл болған. Бұл туралы Wales Online басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Джулин Мойл 1999 жылы Валери Уильямсті алғаш рет шіркеуде көрген. Неке қию рәсімі аталған шіркеуде өтті. Оған 40 қонақ қатысты. 
Қалыңдық бұл өмірде тұрмысқа шығатынына күмәнмен қарағанын айтып, елді күлдірді. Десе де, ол бақытты екенін айтты.  


60 жасында 30-дағы бикешке ұқсайтын әйел жас болып көрінуінің құпиясын ашты
​​​​​​​​​​​​​​Денесінің жарты бөлігінен айырылған жігітке тұрмысқа шыққан бойжеткен орынсыз қойылатын сұрақтарға шағымданды

Күйеу жігіт "95 жаста үйленген қалай екен?" деген сауалға Жаңа жылды еске алғанын жеткізді. Оның сөзінше, енді ол жаңа өмірді бастайды. 
"Валери өте мейірімді және жомарт", - деді қария әйелі жайлы. "Жас жұбайлар" бал айын күйеу жігіттің туған жері Аустралияда өткізбек.