Шартарап

COVID-19-бен алты ай ауырған науқастан коронавирустың 18 мутациясы анықталды

  • COVID-19-бен алты ай ауырған науқастан коронавирустың 18 мутациясы анықталды

    COVID-19-бен алты ай ауырған науқастан коронавирустың 18 мутациясы анықталды

Иммунитеті төмен ресейлік әйел алты ай бойы COVID-19 ауруымен ауырды, нәтижесінде оның денесінде коронавирустың 18 жаңа мутациясы дамыды. Бұл туралы ресейлік ғалымдардың virological.org сайтында жарияланған материалында жазылған, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

47 жастағы қатерлі лимфомамен ауыратын науқас коронавирусты 2020 жылдың сәуірінде ауруханада химиотерапия курсынан өткен кезде жұқтырған. 9 қыркүйекке дейін одан алынған сынақтар инфекцияға оң нәтиже көрсеткен.

 Көктемде және жаздың соңында пациенттен алынған жағындыларға салыстырмалы зерттеу жүргізілді. Геномды талдау кезінде көптеген жаңа мутациялар анықталды,  олардың екеуі Даниядағы күзендерден табылған вируспен бірдей болды.

Жұмыстың авторлары бұл "күзен" штамдарының бірі бұрын антиденелері бар плазмамен емделген иммунитеті төмен басқа науқаста табылғанын айтты.

СФУ геномика және биоинформатика кафедрасының профессоры, Геттинген университетінің (Германия) профессоры Константин Крутовский вирустың неғұрлым жұқпалы британдық нұсқасы (VOC-202012/01) бастапқыда иммуносупрессивті науқастың денесінде пайда болғанын айтты.

stan.kz




Көрілген: 316    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 18:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31