Шартарап

COVID 2019: Оңтүстік Кореядағы науқастардың 80% астамы – Синчонжи сектасының өкілдері

  • https://www.philstar.com/

    https://www.philstar.com/

Оңтүстік Кореяда коронавируске жаңадан шалдыққандар саны азайып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Алайда сарапшылар қуануға әлі ерте екенін айтады. Билік аурудың жаңа ошақтары пайда болуы мүмкін деп алаңдайды. Қаупі жоғары топтарға шіркеу өкілдері жатады.

 

Оңтүстік Кореяда коронавируске шалдыққандардың сексен пайыздан астамы Синчонжи сектасымен байланысы бар. Инфекция ошағы саналған Тэгу қаласы мен Солтүстік Кёнсан провинциясында науқастардың көбі Синчонжи дәстүрлі емес діни ағымының бірнеше өкілдері болып шықты. Олардың кейбіреулері ел астанасында орналасқан колл-орталықта жұмыс істейді.

 

Инчонда және Кёнги провинциясында жүз жиырма тоғыз қызметкерде және олардың отбасы мүшелерінде коронавирус табылды. Сеул аймағында жаппай жұқтырудың екінші жағдайы да шіркеумен байланысты.

 

Соннам қаласында «Грейс өзені» протестант шіркеуінің қырық алты мүшелері COVID 19 шалдыққан. Олардың барлығы 8 наурызда діни шараға қатысты.

 

Кёнги провинциясының губернаторы ақпан айының соңында діни басшыларымен кездесуде оларды онлайн режимінде қызмет көрсетуге шақырды. Бірақ Соннамдағы «Грейс өзені» шіркеуі бұл үндеуге құлақ аспады.

 

Сонымен қатар олар келушілерге коронавирусқа қарсы профилактикалық құрал ретінде тұзды су берді. Сеул қаласының мэрі елорданың діни ұйымдарын уақытша онлайн қызметке ауысқанын, бірақ қалалық шіркеулердің үштен бірі келушілерді қабылдауды жалғастырып жатқанын айтты.

 

Кореядағы вирус жұқтырғандардың жаңа саны әлі жарияланған жоқ.

 

16 наурызға сәйкес коронавирус сегіз мың екі жүз отыз алты адамнан табылған. Алайда қаза болғандар саны көбейді. Егер кеше COVID-19-дан қайтыс болған жетпіс бес адам туралы белгілі болса, осы уақытқа дейін бұл сан 82-ге өсті.

 

Бүгін таңертең тоқсан бір жастағы зейнеткер коронавирустан қайтыс болғаны белгілі болды. оған наурыздың 5-і диагноз қойылды.

 

Бүгін үкімет жаңа оқу жылының басталу күнін жариялайды. Қазақстан мен ТМД елдерінде білім беру 1 қыркүйектен басталса, Кореяда 1 наурыздан басталады. Білім министрлігі оқуды жиырма үшінші наурызға ауыстырды. Ал бүгін үкімет оқу жылын наурыздың соңына немесе сәуір айына ауыстыруы туралы шешім қабылдауы мүмкін.


 




Көрілген: 198    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.03.2020, 09:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30