Шартарап

Cегіз жасар бала анасын өлімнен құтқарып қалды

  • https://moe-online.ru

    https://moe-online.ru

Англияның Флинтшир қаласында сегіз жасар бала анафилактикалық шок болған анасын құтқарып қалды, деп хабарлайды Daily Mirror.


Екі баланың анасы, 34 жастағы Дженнифер Лэмб баласымен бірге үйде болған. Әйел шоколад жеген соң бірден қатты аллергиялық реакция басталған. Ол тұншыға бастапты. Әйел заттарды жан-жаққа лақтырып, дыбыс шығаруға тырысқан.


Уильям анасының жанына жүгіріп келіп, жедел жәрдем шақырған.


"Баламның не деп айтқанын дұрыс ести алмадым. Анам дем ала алмай жатыр дегенін ғана естідім", – дейді әйел.


Бала дәрігердің айтқанын істеп, анасын еденге жатқызып, басын көтерген. Әйелдің тыныс жолдары біраз ашылған. Кейін 8 жасар бала есікті ашып, жедел жәрдемді күткен.


Тағы оқыңыз: Құрсағындағы сәбидің жынысын білуге барған бойжеткеннің зәресі ұшты


"Дәрігерлер он минут ішінде келді. Бірақ менің өмірімді Уильямның құтқарғаны анық. Ол - менің қаһарманым. Бірақ мақтаған кезде ұялып қалады", - дейді келіншек.


Әйел бірден ауруханаға жеткізілген. Аллергияның нақты себебі анықталады.


 sputnik




Көрілген: 878    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.09.2019, 17:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31