Шартарап

Covid-19: Германия канцлері елге кіру ережелерін өзгертті

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Ертеңнен бастап Германия елге келетіндерді қатаң тексереді. Сырттан келгендер коронавирусқа қарсы тесттің теріс нәтижесін көрсетуге тиіс.

 

Бұл тек шетелдіктерге ғана емес, неміс азаматтарына да қатысты. Бірақ жасы әлі 12-ге толмаған балалар, транзиттегі жолаушылар мен коронавируспен ауырғандарға мұның қатысы жоқ.

 

Еуроодақ аумағында қолдануға рұқсат етілген вакциналардың бірін салдырған азаматтар да ПТР-тесттің нәтижесін көрсетуге міндетті емес.

 

Ал эпидемиологиялық ахуалы нашар аймақтан келгендер үшін 10 күн карантинде болу шарт.

 

Германия дельта штамымен осылай күреспек. Өйткені науқастардың 84 процентінен осы мутация анықталып жатыр.  

 

Ангела Меркель, Германия Канцлері:

 

– Вирус жұқтырғандар саны артып барады. Оның бір себебі – дельта штамы. Бәріміз де қалыпты өмірге қайта оралғымыз келеді. Алайда бірге әрекет етпесек, бұдан түк шықпайды. Ол үшін вакцина салдыруымыз қажет. Вируспен күресте әр екпе маңызды.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 367    Пікірлер: 0

сенбі, 31.07.2021, 20:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30