Шартарап

Google қолданушыларды заңсыз бақылайды деп айыпталды

  • Google қолданушыларды заңсыз бақылайды деп айыпталды

    Google қолданушыларды заңсыз бақылайды деп айыпталды

Google өз пайдаланушыларына заңсыз бақылау жасады деп айыпталды. Business Insider басылымының мәліметтері бойынша, компания бұл функция смартфон иелерінде қосылмаған болса да, геолокация туралы деректерді алуды жалғастырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, корпорация гаджет өндірушілерін Android пайдаланушыларынан құпиялылық параметрлерін жасыруға мәжбүрледі.

 Еске салсақ, былтыр мамыр айында Аризона штатының Бас прокуроры Марк Брнович Google-ді пайдаланушылардың орналасқан жерін заңсыз бақылағаны үшін айыптады.

Google жағдайға ешқандай түсініктеме бермеген.

Google-ге қарсы іс 2020 жылы Аризона Бас прокуратурасының бастамасымен басталған еді. Осыған ұқсас сот ісін Boies Schiller Flexner компаниясы берді. Фирманың мәліметінше, Google өз аккаунттарындағы тиісті функцияларды өшірген кезде де пайдаланушылардың деректерін заңсыз жинады.

Stan.kz




Көрілген: 472    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 15:43

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31