Шартарап

"Sex Ustasi" (цех ұстасы): Өзбекстанда латын қарпіне қатысты дау шықты

  • Mahalla телеарнасының кадры

    Mahalla телеарнасының кадры

Өзбекстанда "цех" сөзінің латын қарпімен жазылу нұсқасына қатысты дау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Podrobno.uz басылымына сілтеме жасап.

 

Mahalla телеарнасының репортажында кейіпкер "Sex Ustasi" (цех ұстасы) деп таныстырылған.

 

Қолданушылардың біразы өзбек тілінің әліпбиін өзгертуді ұсынған, олар "Ц" әрпін "TS" деп жазуды немесе "Seh" деп жазуды ұсынады.

 

Бұл талқылауға қатысты әділет министрінің тілдер жөніндегі кеңесшісі әрі танымал блогер Шахноза Соатова пікір білдіріпті.

 

"Sex" сөзін айтпасақ, біріншіден, өзбек тіліндегі контекстіде біз ол мүлде басқаша оқылатынын байқаймыз ("цех"). Екіншіден, төлқұжаттарымызда "пол" деген мағынадағы осы сөз бар, бірақ ешкім әжуалаған жоқ", - дейді ол.

 

Оның сөзінше, әліпбиді әлеуметтік желідегі әзіл мен хайптан кейін өзгерту дұрыс емес, оның орнына ғылыми тұрғыдан қарау керек.

 

 

 




Көрілген: 268    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 12:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30