Шартарап

Twitter демократияға қауіп төндіруде немесе Цифрлагтың бастығы кім болады

  • https://kaz.365info.kz/

    https://kaz.365info.kz/

Заманауи Америка Құрама Штаттарында билеуші топтардың менталитеті өзгеріп жатыр. Әкімшілік әдістермен олар Американы индивидуализмнен алшақтатып жатыр және ұжым болып аман қалу үшін оған құрбандыққа баруға баулиды.

 

Бұл бастамалардың артында сұр кардиналдар тұр &ndash трансатлантикалық идеолог-философтар қауымдастығы, олар бұрын сөз бен кәсіпкерлік қызметтің абсолютті бостандығы үшін күрескен.

 

Фрэнк иығын кеңге жайды

 

COVID-19 пандемиясынан бұрын Amazon, Apple, Facebook, Google және Twitter тек коммерциялық тұрғыдан сәтті бизнеске айналмады, олар адамдардың мінез-құлқы мен әдеттерін өзгерте бастады.

 

Пандемия бастала салысымен және адамдардың көп бөлігі онлайнға өткеннен бұл корпорациялардың беделі одан сайын арта түсті. Сөз бостандығы мен кәсіпкерлікті еркіндікке тәрбиелеп жүрген аталмыш апологтар енді басқаша сайрауда &mdash еркін бизнестің америкалық рухының жарқын мысалдарын бақылауға қалай қою керек. Бұл адамдар &mdash Фрэнсис Фукуяма және оның танымал әріптестері Барак Бичман мен Ашиш Гоэль демократияны технологиядан құтқармақ.

 

Америкалық саяси топтар неліктен жауласуға бел буғанын біз білеміз. Қытай көшбасшысы және, одан бұрын, әлемдік контркапиталистік қозғалыс көшбасшысы G20 конференциясында жаңа бастаманы айтты: Жер планетасының әр азаматына жаһандық денсаулық QR-кодын енгізу.

 

Планетаны цифрландыру &mdash уақыт еншісінде. Және бұл мәселе саясиландырылмай қоймайды. Тиісінше, бұл құбылысты сынайтындардың терминологиясын пайдаланып қарайтын болсақ &mdash болашақ жаһандық &ldquoЦифрлагтың&rdquo бастығы кім болады &mdash әлемдік капитализм немесе әлемдік социализм, міне, мәселе қайда жатыр. Бұл соғыс!

 

Жалпы технологиялық гиганттарға бірінші болып ЕО саясаттанушылары өшікті. Олар трестке қарсы заң шығарды. Цирлық платформаларға қарсы еуропалық соғыстарға Америка аса назар аудармады. Бәлкім компаниялар көбіне АҚШ-тан болғандықтан шығар. Бірақ бұл да өзгеріп жатыр.

 

Соңғы екі жыл ішінде АҚШ Федералды сауда комиссиясы мен бірқатар прокурорлар осы компаниялардың нарықтағы нақты монополиялық жағдайын теріс пайдалану фактілерін анықтау үшін технологиялық алыптардың қызметіне бірқатар тексерулер жүргізді.

 

Амалдарда келісу мүмкін емес

 

Қазан айында АҚШ Әділет департаменті Google корпорациясына трестке қарсы сот ісін қозғады. Технологиялық алыптарға қарсы күресте демократтар да ерекшеленді, олар бұл корпорациялар ұсынып отырған мүмкіндіктерді жау елдердің экстремистері мен арнайы қызметтері белсенді пайдаланатынына сенімді.

 

Сондай-ақ Америкада цифрлық платформалар мен олардың монополияларына қарсы соттасуға дайын құқықтанушы ғалымдардың басшылығынан тұратын зиялы қауымның тұтас тобы құрылды.

 

Бірақ олардың күресетін ортақ қаруы жоқ &mdash «&hellipІрі технологиялық компаниялардың тарапынан демократияға қауіп төндіретін одақ құрылып келе жатқанына қарамастан, қалай әрекет ету керектігі туралы үлкен келісім жоқ.

 

Кейбіреулер Facebook пен Google-ді бөлшектеу керек деп санайды. Басқалары &mdash олардың деректерді пайдалану мүмкіндіктерін шектеу қажет дейді. Болашақты нақты түсінбестен, техгиганттардың көптеген сыншылары өзін-өзі реттеу, қауіпті мазмұнды жою және сандық платформаларда орналастырылған материалды бақылауды жақсарту қажеттілігі туралы механикалық ескертуге көшті.

 

Бірақ бұл платформалардан келген саяси залал экономикалық залалға қарағанда анағұрлым ауыр екенін түсінетіндер кемде-кем.

 

Мұндай тәсілді іске асыру үшін пайдаланушыларға жаңа ақпарат көздері мен ақпарат берудің жаңа тәсілдерін беретін платформааралық бағдарламалық жасақтаманы жасайтын компаниялардың жаңа тобын тарту қажет. Бұл әдіс, ең алдымен, заңды тұлғаларды бөлшектеуге қарағанда тиімдірек&hellip»

 

Бизнестің жаңа дәуірі

 

Amazon немесе Google қазірдің өзінде жүздеген миллион пайдаланушылардың деректерімен жұмыс істейді. Егер бұл компаниялар экономиканың басқа да цифрлық емес салаларына кіргісі келсе, олардың иелігінде басқа компанияларда жоқ дерекқор болады. Бұл бәсекелестікте сөзсіз артықшылық.

 

Бұл бизнестің тағы бір ерекшелігі &ndash желілік әсер. Платформа желісі неғұрлым үлкен болса, бұл платформа пайдаланушылар үшін соғұрлым пайдалы болады. Және ол нарықта көбірек орын алады. Дәстүрлі бизнес түрлерінен айырмашылығы, цифрлық компаниялар нарықтағы үлестер үшін күреспейді &ndash олар бүкіл нарық үшін күреседі. Сондықтан Facebook Instagram және WhatsApp-ты сатып алды &mdash шындығында әлеуетті бәсекелестерін &ldquoжеп қойды&rdquo.

 

Бұл алыптар бүгінде қолданушыларының экономикалық әл-ауқатын шөктіру үшін жұмыс істеп жатыр ма деген сұрақ туындайды. Өйткені, олар жедел іздеу, электрондық пошта және желілердегі жеке цифрлық профиль сияқты әртүрлі сандық ыңғайлы фунциялар ұсынады.

 

Адамдар, өз кезегінде, сандық дәуірдің мүмкіндіктерін бағалайды, дегенмен олар өздерінің жеке мәліметтеріне қол сұғуға мүмкіндік беріп отырғанын және жарнамасын өткізушілердің назарында екенін түсінеді.

 

Біреулер алыптар бәсекелестікті тұншықтыру үшін стартаперлерді сатып алады деп санайды. Көптеген стартаптар алыптардың қаржылық және әдіснамалық қоректенуінсіз жетістікке жете алмайтын еді дейді. Instagram немесе WhatsApp тәуелсіз болса қазіргідей мықты болар ма еді, бізге ол жағы беймәлім. Мүмкін Цукербергсіз олар ешқашан бұлай табысты болмас па еді.

 

Google &mdash демократияға қауіп төндіреді

 

Төменде Фукуяма мен әріптестер ірі технологиялық корпорациялардың қауіптілігі туралы ойларынан қысқаша аударма.

 

«&hellipОлар &ldquoсүзгі көпіршіктері&rdquo деп аталатын орта құрды &mdash алгоритмдердің жұмыс ерекшелігіне байланысты пайдаланушылар өздерінің сенімдерін растайтын және нығайтатын ақпаратты ғана алады.

 

Олар қажетті дауыстарды күшейтіп, немесе көміп тастай алады, осылайша демократиялық саяси пікірталастарға әсер етеді. Біздің ең маңызды қорқынышымыз &mdash бұл платформалар, қасақана немесе емес, сайлауға әсер етуі мүмкін&hellip»

 

Бұл жерде ол Дональд Трамптың твиттеріне жарияланатын ақпаратты алдын ала тексеру, сондай-ақ Facebook платформасындағы саяси пікірталастар мен мазмұнды модерациялаудан бас тартқаны үшін Цукербергке арналған прессинг еске түсіреді.

 

Фукуяма сандық платформаларға қандай мақсатпен қысым жасап отыр? Олар іс жүзінде ең қуатты және қауіпті БАҚ болғанын мойындау үшін бе. Сонымен, оларға белгілі бір идеологиялық дайындығы бар және АҚШ үшін қасиетті нәрсе &ndash мазмұнның ұятсыз еместігіне кепіл беретін шығарушы редакторлар қажет пе?

 

 

 

kaz.365info.kz




Көрілген: 688    Пікірлер: 0

жұма, 01.01.2021, 03:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31