Адам миына енгізілетін робот жасалды

19 сәуір 2022, 18:37

Калифорниялық Bionaut Labs компаниясы адам миына ине (иньекция) арқылы енгізілетін робот жасады. Ол адам миында магнит көмегімен жылжиды. Бұл жайында isam.kz порталының тілшісі medicalxpress.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Bionaut Labs компаниясының мамандары Макс Планк атындағы зерттеу институтымен бірігіп, роботты басқару үшін магнитті энергияны пайдалану жолдарын қарастырған.

 

Пациенттің бас сүйегінің сыртында орналастырылатын магнитті катушкалар компьютерге жалғанады. Құрылы микророботты зақымдалған ми бөлігіне қашықтан енгізуі мүмкін, содан соң оны осындай жолмен жояды.

 

Бұл құрылғы МРТ (магнитті резонанстық томография) қондырғысына қарағанда өзіңмен бірге алып жүре аласың әрі электр энергиясын 10-100 есе үнемдейді.

 

Ғалымдар мидағы сұйықтық толтырылған кисталарды тесу үшін роботты қолдануды жоспарлап отыр.

 

Сондай-ақ, бұл құрылғыны көбінесе балалар арасында сирек кездесетін ми дерті – Денди-Уокер синдромын емдеуде қолданбақ.

 

Ғалымдар микрроботты жануарларға қолданып, тиімділігін тексеріп көрді.

 

Құрылғы адамдарға қауіпсіз.

 

Осылайша микроробот технологиясы миға да жетті.

 

Бұл жайт өз кезегінде ми ауруларын емдеуде көмектеседі.