Шартарап

Адам сенгісіз оқиға: Қаңғыбас жігіт өз еңбегімен миллионер болды

  • Адам сенгісіз оқиға: Қаңғыбас жігіт өз еңбегімен миллионер болды

    Адам сенгісіз оқиға: Қаңғыбас жігіт өз еңбегімен миллионер болды

Үйсіз-күйсіз жүріп, байып кеткен австралиялық жігіт жетістікке қалай жеткенін әңгімелеп берді, деп жазды Daily Mirror.


Гарри Сандерс (Harry Sanders) 17 жасында баспанасыз қалады. Оның айтуынша, ең қиыны алғашқы түн болған, өйткені ол қайда барып, не істеу керектігін білмеді. Сандерс бастапқыда көпірдің астында ұйықтағанын еске алды.



​​"Бұл қауіпті еді, өйткені аумақ үйсіздердің арасында бөлініп қойған. Мен бұл туралы ештеңе білмедім және алғашқыда шытырман жағдайға жиі тап болдым", - дейді ол.


Жас жігіт бір жылдан астам уақытын далада өткізді. Ол ешқашан аш қалмағанын айтады.


"Әртүрлі мекемелерге барып, сатылмаған тауарлар қалды ма деп сұрайтынмын, көбісі маған қуана-қуана тамақ беретін", - деп еске алды ол.


Жас жігіт іздеу жүйесін оңтайландыру арқылы ақша таба бастады – ол мұны баспанасынан айырылмай тұрып үйренген екен. Фриланс (қашықтықтан жұмыс істеу – Sputnik) Сандерстің аяққа тұруына көмектесті. Қазір 21 жастағы кәсіпкердің бизнесі 1,5 миллион Австралия долларына (387,2 миллион теңге) бағаланып отыр. Шілдеде Сандерс Лондонда өз компаниясының кеңсесін ашты.


"Мен өз жетістігіме үйсіз-күйсіз жүруімнің арқасында жеттім", - деп санайды Сандерс.


Ол даладағы өмір оны есеюге мәжүрлеп, қиындықтарға төзуге және қиын кездерде амал етуге үйреткеніне сенімді. Сонымен қатар, ол мақсатқа анағұрлым нық қадам басқан, өйткені ол сәтсіздікке ұрынуға болмайтынын түсінді.




Көрілген: 1972    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.08.2019, 12:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31