Шартарап

Адамзатқа коронавирустан да қауіпті жағдай анықталды

  • Адамзатқа коронавирустан да қауіпті жағдай анықталды

    Адамзатқа коронавирустан да қауіпті жағдай анықталды

Ауаның ластануы адамзат үшін басты қауіп ретінде анықталды. Бұл туралы ауа сапасының индексін (AQLI) жасаушылардың есебінде айтылды.

Зерттеу авторларының айтуынша, ластанған ауа адамдарға коронавирус, туберкулез, СПИД және басқа ауруларға қарағанда әлдеқайда үлкен қауіп төндіреді. Ауаның ластануы орташа өмір сүру ұзақтығын екі жылға қысқартады. Үндістан немесе Бангладеш сияқты елдерде қауіпті ауа шығарындыларына байланысты өмір сүру ұзақтығы 10 жылға қысқарады. Әсіресе AQLI баяндамасы дамушы аймақтардағы ауа сапасының жай-күйіне назар аударды.

Соңғы 20 жылда Оңтүстік Азияның төрт елінде - Бангладеш, Үндістан, Непал, Пәкістанда ауаның ластану деңгейі 44 пайызға өсті, соның салдарынан өмір сүру ұзақтығы бес жылға қысқарды.

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы 650 миллион халықтың шамамен 89 пайызы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) нұсқауларына сәйкес келмейтін жерлерде тұрады.

Мамандар оң өзгерістерге де назар аударды. Атап айтқанда, АҚШ, Еуропа елдері, Жапония, Қытай, қатал экологиялық саясаттың көмегімен таза ауа үшін күресте біршама жетістіктерге жетті.

Мәселен, Қытай 2013 жылы «ластануға қарсы соғыс» бастады, нәтижесінде ел атмосферадағы бөлшектік заттардың мөлшерін шамамен 40 пайызға азайтты. AQLI мәліметтері бойынша, егер Қытай билігі бұл саясатты жалғастыратын болса, онда бұл елдің азаматтарының өмір сүру ұзақтығы екі жылға ұзарады.

 

stan.kz




Көрілген: 312    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.08.2020, 20:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30