"Аэрофлот" әуе компаниясы 8 наурыздан бастап барлық халықаралық рейстерді тоқтатады

05 наурыз 2022, 19:52

Ресейлік "Аэрофлот" әуе компаниясы 8 наурыздан бастап барлық халықаралық рейстерді тоқтатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"8 наурыздан бастап барлық халықаралық рейстердің уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлаймыз, бұл рейстердің орындалуына кедергі келтіретін қосымша жағдайлардың туындауына байланысты қабылданған шешім. Шешім Ресей және Аврора авиакомпанияларының кестесіндегі халықаралық бағыттарға да қатысты", - делінген хабарламада.

"Аэрофлот" мұндай шешім жолаушылардың билет алып, Ресейге қайта алмай қалатын жағдайлардың алдын алу үшін қабылданғанын түсіндіреді. Сонымен қатар, әуе компаниясы тоқтатылған рейстер үшін ақшаны толық қайтаруға дайын екенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта шетелде жүрген және қолдарында билеті бар жолаушыларға басқа күндерге жол жүру құжаттарын қайта рәсімдеу ұсынылды.