Шартарап

Ажал аңғарында ауа температурасы 56,7 градусқа дейін көтерілді

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

АҚШ-тың орталық және оңтүстік-батысында аптап ыстық тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Калифорния штатындағы Ажал аңғарында ауа температурасы 56,7 градусқа дейін көтерілген. Жанып тұрған күн райынан аймақтағы орманды алқап пен ландшафт зардап шегуде.

 

Мамандар орман өрті жиі тіркеле бастағанын айтады.

 

Ұлттық метеорологиялық қызметінің өкілдері 46 млн тұрғынды барынша сақ болуға шақырады. Бұған қарамастан аймақтағы саябақтарға ағылған туристердің легі азайған емес.

 

Айта кетейік, Ажал аңғарындағы ең ыстық температура 1913 жылы 57 градусқа көтерілген еді. Мамандар «биыл бұл көрсеткіш жаңаруы мүмкін» деп дабыл қағып отыр.

 

Эбби Уайнс, саябақ өкілі:

 

- Ауа температурасының былай ысуы тым ерте басталды. Биыл жаз айларына жасалған болжамды білмеймін. Бірақ әдетте жыл сайын шілде айында сынап бағанасы 50 градустан жоғары көтерілмейтін.

 

 




Көрілген: 523    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 08:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31