Шартарап

"Әке, кешір, менің басқа амалым болмады": 8 әріптесін атып өлтірген сарбаз өкінбейтінін айтты

  • "Әке, кешір, менің басқа амалым болмады": 8 әріптесін атып өлтірген сарбаз өкінбейтінін айтты

Ресейде әріптестерін атып өлтірген сарбаз Рамиль Шамсутдинов адам өліргені үшін өкінбейді. Бұл туралы оның әкесі Салим Шамсутдинов айтты. Әкесі тергеу изоляторында отырған ұлымен кездескен екен.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Подъем» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


Әкесінің сөзінше, ұлы неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндірген.


«Бұрыннан әскери борышын өтеп жатқандар оны кемсіткен. Ұлымның ұялғанын байқадым. «Әке, кешір! Мен басқаша жасай алмадым. Олар мені немесе мен оларды өлтіретін едім. Олардың маған жасаған әрекеттерін кешірмеймін», - деді. Ол жасаған әрекеті үшін өкініп отырған жоқ. Ол мұндай қадамға саналы түрде барған», - дейді әкесі.


Сонымен қатар Салим Шамсутдинов ұлының болашағына оптимистік көзқараста екенін айтты.


«Ол аздап арықтаған. Өзін сергек сезінеді. Күліп отырды. Тек көзқарасы ауырлаған. Ол болашағына оптимистік көзқараста. «Ештеңе етпес, шығамын ғой. Мұндағылар да адамдар», - деді. Ол өзін тастап кетпегінімізді түсінді. Әскерилер одан бәрін тартып алған. Тергеу изоляторында спорттық киім берген. Сонымен жүрді. Біз оған барлық киімін апарып бердік», - дейді ол.


Салим Шамсутдинов ұлына Мәскеуден қорғаушылар келгенін айтты.


Еске сала кетсек, Ресейдің Забайкалье өңірінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз әріптестерін атып тастаған еді. Салдарынан сегізі көз жұмып, екеуі жарақаттанды.




Көрілген: 3473    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.11.2019, 16:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30