Әкесі 2 жасар ұлын ұрып, қабырғасын 13 жерінен сындырған

01 қараша 2018, 18:00

Ұлыбритания тұрғыны екі жастағы ұлын аяусыз соққыға жығып, өлтіріп тастаған. Баланың қабырғасы 13 жерінен сынып, бауыры езіліп кеткен. Сондай-ақ оның қанына есірткі табылған.

31 жастағы әкесі баланың өзінің кіндігінен екенін ұлын өлтірерден он апта бұрын ғана білген. Оның бұрынғы қалыңдығы басқа азаматпен бірге тұрып жатқан. Ал әкесі баланың өзінен екенін сараптамадан кейін ғана білген. Содан кейін баланы өзіне алып кетіп тұрған. Ал 19 жастағы анасы баласы әкесіне барып келген сайын аяқ-қолы көгеріп келетініне мән бермеген.

Ер адам 24 жылға бас бостандығынан айырылған.

reactor