Шартарап

Әкесі ұлынан бас тартпақ болып, ДНҚ тестін өткізбек еді: Баланы емхана директоры асырап алды

  • Әкесі ұлынан бас тартпақ болып, ДНҚ тестін өткізбек еді: Баланы емхана директоры асырап алды

    Әкесі ұлынан бас тартпақ болып, ДНҚ тестін өткізбек еді: Баланы емхана директоры асырап алды

Омск тұрғыны 10 жастағы баланы бастапқыда қамқорлық жасау қызметкерлері аш-жалаңаш күйі анасынан алып кетіп, әкесіне табыстамақ болған. Алайда әкесі баланы өз ұлы екенін мойындағысы келмей, ДНҚ тестін тапсыртпақ еді. Даниланы емхана директоры байқап, ешкімге керексіз қалған баланы өз қарамағына алған. Жантебірентерлік оқиғаны Stan.kz ақпарат агенттігі Правмир басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Елена 10 жастағы ұлды клиникаға әкесі ертіп келген кезде байқаған. Бастапқыда ол жақсы киінген ер адам мен жұпыны, арық баланы көреді. Әкенің балаға жиіркенішпен қарағаны әйелді таңғалдырып, жүрегіне батқан. Сұрастыра келе, баланың 8 жыл бойы дұрыс тәрбиеде болмағанын, осы уақытқа дейін жетімдер үйінің табалдырығын тоздырып жүргенін білген. Ал қамқорлық үйлерінің қызметкерлері баланы әкесі өз қарамағына алады деп үміттеніп жүрген. Осылайша баланың статусы анықталмаған еді.  

 
Елена көз алдына Даниланың үйінде жүргенін, мектепке барып жүргенін елестеткен. "Үйіміз үлкен, несі бар?" деген ойған келген. Осы ой оны тоғыз ай бойы толғандырыпты. Дәл осы уақыт аралығында баланың әке-шешесін ата-ана құқығынан айыру процесі жүрген. Әйел баланың әкесімен сөйлеспек болғанда, оған Данила керек емес екенін ұққан. Еленаның шешімін күйеуі мен балалары қолдаған. Ол Даниламен кездесуге рұқсат алған соң, балаға "ғашық" болып қалған. 

"Күйеуімді бірінші жібердім. Екеуі бір-біріне жақын орындыққа отырды. Сол кезде екеуінің әке мен ұлы секілді бір-бірінен айнымай қалғанын байқадым", - дейді Елена. 

Осылайша, Елена күйеуімен бірге уақытша қамқорлықты рәсімдейді. Бірақ қуаныш ұзаққа созылмады. Даниланың бойында дерт анықталды. Ол анасы сияқты туберкулезге шалдыққан екен. Бұл туралы кішкентай баланы қамқорлыққа алған ата-ана білмеген. Оның ауруы қайтадан қозған. Дәрігерлер диспансерде бірнеше ай емделуге тура келетінін айтады. Данила болса қатты күйзеліске түседі, тіпті бірде: "Енді ғана бәріне қолжеткізіп едім, енді қайтадан айырылдым" деп жылап жібереді. 

Данила ауырған кезде де асырап алған ата-анасы оған қамқорлық танытты. Ауруханадан, қонақүйге көшіп жүрген уақытта балаға қатты үйреніп қалады. Демалыс күндері үйге алып кететін. Қамқорлыққа алу уақытын созу керек болғанда ерлі-зайыптылар ұзақ ойланбай, Даниланы асырап алуды жөн көреді. 

Данила үйге келгенде, Елена оның қаншалықты азапталғанын түсінді. "Әдемілігін бұзбайын деп" төсекке жата алмай, түнде келіп, көрпесін жауып жатқанда ол соққыдан сақтанғандай, қолымен басын жауып қалатын болған. Ал оның ең сүйікті тағамы - нан жағылған майонез екен. 

"Даниланың басты таланты - әлемге сүйіспеншілікпен қарау. Ол өкпелі емес, бірақ бәрін ұмытты деп те айта алмаймыз. Басында тіпті "ана" деген сөзді айта алмайтын. Біз оған анаң саған өмір сыйлады, сол үшін оған рақмет деп айтып отырамыз", - дейді Елена.

Қыркүйек айында Данила бесінші сыныпқа барды. Сабақ үлгерімі мәз емес, алайда оның 10 жасында оқи алмағанын ескерсек, онда қазіргі нәтижесінің өзі қуантады. Ең бастысы, Данила оқуы жайында алаңдай бастады, тіпті бірде шешілмеген есебі үшін жылап қалған.

 Елена керісінше, бұған қуанды. Қазір мансабы бойынша жоспарлары кейінге шегерілді. Ол өзін өте бақытты сезінеді. Түскі асты дәмді етіп жасау,  ұлының жейдесін үтіктеу, Даниламен және жақын адамдарымен сөйлесу — қазір Еленаның өмірінің мәні.

 




Көрілген: 579    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.04.2021, 17:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30