Шартарап

АҚШ COVID-19-ға қарсы препараттың әлемдік қорының 90%-ын сатып алды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

АҚШ Президенті Дональд Трамп билік елде өндіріліп жатқан COVID-19-дан емдеу кезінде қолданылатын Remdesevir препаратының әлемдік қорының 90% сатып алғанын растады.

 

Бұл туралы ол Ақ үйде сөйлеген сөзінде мәлімдеді деп жазады РИА Новости.

 

Менің әкімшілігім SARS-CoV-2 коронавирусынан емдеуге зор әсер ететін осы препараттың әлемдік жеткізілімінің 90%-ын брондап қойды, - деді ол.

 

Шілде айының басында британиялық Evening Standard газеті АҚШ вирусқа қарсы Remdesevir препаратының бүкіл жаһандық қорын сатып алғанын хабарлаған еді. Ал ТАСС агенттігі ДДСҰ өкілдері бұл ақпаратты тексеретінін мәлімдеді. Төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан ұйымның ұстанымына түсініктеме бере отырып, "әрбірімізге өмірді құтқара алатын қажетті ем қолжетімді болуы керек" деп атап өтті.

 

Remdesevir кезінде эбола безгегімен күресу үшін жасалған еді, бірақ ол тиімділігін дәлелдей алмады. Кейінірек препарат SARS және MERS инфекцияларын емдеуде нәтижелі болды. Вирусқа қарсы препараттың клиникалық сынақтары covid-19-дың ауыр түріне шалдыққандарды қалпына келтіру кезеңін қысқартатынын көрсетті. Мамыр айында АҚШ-та коронавирус инфекциясын емдеу мақсатында бұл препаратқа рұқсат берілді. 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 541    Пікірлер: 0

сенбі, 25.07.2020, 15:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30