Шартарап

АҚШ азаматтары үгіт-насихат жетегінде емес, шынайы әлемде өмір сүреді

  • АҚШ азаматтары үгіт-насихат жетегінде емес, шынайы әлемде өмір сүреді

    АҚШ азаматтары үгіт-насихат жетегінде емес, шынайы әлемде өмір сүреді

Америкадағы сайлау мәре сызығына жақын қалды: бүгін Дональд Трамп пен Джо Байден теледебат аясында соңғы рет кездеседі
Сондай-ақ, бұл кездесу негізінен, олардың өміріндегі соңғы кездесуі де болуы мүмкін. Себебі, АҚШ-та жағдайдың күрделенгені соншалық, бұл екі адамның қатар тұрғанын алдағы уақытта елестету өте қиын, деп жазады РИА Новости.

 Егер таңғажайып оқиға болып, сайлауда Байден жеңіске жетсе де, Трамп дауыс беру нәтижелерін мойындамауы немесе ең болмаса, барлық дәстүрді бұза отырып, инаугурация рәсіміне келмей қалуы мүмкін. Ал Байден Трамптың инаугурациясына сөзсіз, ешқашан бармайды. Сондықтан олар осы кездесуде өздерінің не қалайтынын бір-біріне айтудың соңғы мүмкіндігіне ие болады. 

Трамп Байденді қылмыстық топтың басшысы деп атайды және Джоны (ұлы Хантермен бірге) түрмеге жабуды талап етеді. Джо түрмеге қамалмайды, бірақ ол сайлауда жеңіліс тапса, БАҚ оның түбіне "қазан тосынсыйы" жетті деуі мүмкін. Себебі, жақында БАҚ-та Хантердің компьютерінің қатқыл дискісінен бұрынғы вице-президенттің өтірігі мен жемқорлығын әшкерелейтін айғақ-дәлелдер жарияланған болатын. Бірақ Байден бұл айғақтарсыз-ақ ұтылған болар еді, себебі сайлауда Трамптың қалай да жеңіске жететіні көрініп тұр. Бірақ бұл қалай болады? Жүргізілген сауалнамалар Байденнің үлкен артықшылығын көрсетіп отыр емес пе? Ал мұны ойдан шығаруға бола ма?

Болады. Себебі тәуекелдер бұрынғыдан да жоғары. "Мен Байденге ғана емес, солшыл БАҚ пен үлкен технологиялық алпауыттарға ("Фейсбук", "Твиттер", "Гугл") және "Вашингтон батпағына" қарсы тұрамын", - деп мәлімдеді жақында Трамп.

Шынымен де, Байденнің отбасына қатысты жарияланған айғақ-дәлелдерге қатысты "Фейсбук", "Твиттер", "Гугл"-дің реакциясынан осыны аңғаруға болады. Олар "Нью-Йорк пост"-тағы жарияланымды бұғаттауға тырысты. "Гугл"-ден іздегенде бұл туралы ақпарат мүлдем шықпады. Ал "Фейсбук" пен "Твиттер" аталған жарияланымның сілтемесімен бөлісуге мүмкіндік бермеді. Бұқаралық ақпарат құралдары бұл жанжалды ақпаратты байқамауға тырысса, саясаткерлердің басым көпшілігі айтарлықтай ештеңе болған жоқ деген сыңай танытты. Яғни, жоғарыда айтылған "үш күштің" әрекеті Трамп сөзінің дұрыстығын растап отыр. Бірақ бұл жерде де Ресейге қарсы айып тағыла бастады. Оның астарында Мәскеу Байденге қатысты айғақ-дәделдерді жинау арқылы америкалық сайлауға араласқысы келеді деген ой жатқаны анық. 

 Мұны тек комментаторлар мен конгрессмендер ғана емес, барлау қызметкерлері де талқылады. Мәселен, АҚШ-тың ұлттық барлау директоры Джон Рэтклифф Байденнің ноутбугындағы ақпарат "қандай да бір ресейлік жалған ақпарат кампаниясының бөлігі болып саналмайды" деп мәлімдеді. Бірақ бұрынғы барлау қызметінің елу офицері жазған ашық хатта Ресей үкіметі бұл жағдайда маңызды рөл ойнады деп күдіктенуге еріксіз мәжбүр болып отырғанын атап өтті. 

"АҚШ-тың саяси сахнасында осы елдің вице-президентінің ұлы Байден Хантерге тиесілі электронды поштаның пайда болуында ресейлік ақпараттық науқанның барлық классикалық белгілері байқалды. Ондағы ақпараттың көпшілігі Байден Хантер Украинаның Burisma газ компаниясының басшылығында жұмыс істеген кезге тиесілі", - деді.

Бұл жерде олар Ресейді Байденге қарсы ойдан шығарылған жалған айғақтар жасады деп айыптамайды. Бірақ ара-тұра мұндай пікірлерді де естуге болады. Антиресейлік үгіт-насихат құралдарының пікірінше, Ресей оны жай ғана таратқан. Бірақ Руди Джулианидің айтуынша (Трамптың адвокаты және Нью-Йорктің бұрынғы мэрі), Хантер Байденнің компьютеріндегі қатқыл дисктің ішіндегі дүниелер жеті ай бұрын федералды тергеу бюросының қолына түссе, оны қалай таратуға болады? Сонда Мәскеу бұл материалдарды "қазан тосынсыйы" ретінде дайындап, құпия ұстаған ба, әлде оны Трамптың штабы және оның кеңесшілері, соның ішінде сол Джулианидің өзі жасаған ба? Себебі, Америка қоғамында "Джулиани Путинге жұмыс істейді" деген сипаттағы пікірлер кездесіп қалады. Мәселен, сенатор Крис Мерфи осы туралы:

"Бұл жолы орыстар америкалық азаматтарды өздерінің тыңшылары ретінде дайындауды ұйғарды. Олар өз насихаттарын негізгі бұқаралық ақпарат құралдарында таратуға тырысуда және оған қол жеткізді. Білесіз бе, Руди Джулиани қазір іс жүзінде Ресей тыңшысы", - дейді.

 Әрине, егер олардың пайымынша, Трамптың өзі Кремльде жұмыс істейтін болса, онда оның қызметкерлері мен серіктестері туралы не айтуға болады? Бұл сөзсіз езу тартқызады. Себебі, қазіргі жағдайды дұрыс бағалай алмау, ресейліктерді америкалықтардың ісіне араласты деп айыптау, Байден отбасына қатысты айғақтарды жіберу туралы оқиға Трамптың сайлауда жеңетінін қазірдің өзінде байқатып тұр. Ал Трамптың қарсыластары ойдан шығарылған басқа әлемде өмір сүреді. 

Бірақ шынайы өмірде біз басқа нәрсені &ndash бүкіл ел бойынша Трамп өткізген шексіз митингі мен оның қолдаушыларының көптігін, ал Байденнің аз жақтастарымен бірге өткізетін бірен-саран кездесуі мен оның ынта-жігерінің жоқтығын, Трампқа аз этнос өкілдер, мұсылмандар тарапынан қолдаудың артқанын, Трамптың "ресейлік байланыстары" туралы дәлелдердің болмауын және Байден отбасының сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқанын айғақтайтын жаңа дәлелдердің табылуын байқап отырмыз. Жалпы, америкалықтар өздерінің саяси элитасынан бұрыннан бері көңілі қалған. Сондықтан Трампқа балама боларлықтай тұлға &ndash ол сенатор Сандерс. Бірақ "Байден ұжымы" оны жүйесіздігіне бола, сайлауға жібермеді.

Қарапайым америкалықтар үгіт-насихат әлемінде емес, шынайы әлемде өмір сүреді. Сондықтан 3 қарашада өтетін сайлаудың нәтижесі алдын ала айқын.
 
 




Көрілген: 662    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 12:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30