Шартарап

АҚШ "дельта" штамы туралы хабардан кейін маска тағу режиміне оралды

  • АҚШ

    АҚШ "дельта" штамы туралы хабардан кейін маска тағу режиміне оралды

АҚШ-та вакцина салдырғандар үшін міндетті маска режимін қайтару туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Бұл шектеу коронавирус таралу деңгейі жоғары аудандарға қатысты, яғни АҚШ аумағының үштен екісіне, негізінен елдің оңтүстігінде және батысында орналасқан штаттарға қатысты екен.

 
АҚШ президенті Джо Байден вакцинация науқанын күшейту және бетперде тағу Америка Құрама Штаттарына 2020 жылы елде болған локдаундардан құтылуға көмектеседі деп түсіндірді.

"Біз бұған оралмаймыз. Бүгінгі хабарландыру "дельта" нұсқасынан ең маңызды қорғаныс вакцина екенін анық көрсетеді. АҚШ-тағы ересектердің көпшілігі вакцина салдырған болса да, әлі де салдырмағандар тым көп, бұл жағдайды өзгерту керек", - деді Байден.

Бұл шектеулер Үндістанда пайда болған "дельта" штамына қатысты енгізіліп отыр екен. Себебі АҚШ-тағы коронавирус жағдайларының 80 пайызынан астамында осы нұсқа бар деген ақпарат пайда болған.

Атап айтқанда, АҚШ-тағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) вакцинация статусына қарамастан мұғалімдерге, оқушыларға және басқа да оқу орындарына келушілерді бетперде тағуға үндеп отыр.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден вакцина салдырғандардың құқықтарын кеңейту үшін жаңа ережелерге сәйкес масканы көпшілік алдында шешіп тастағандардың бірі болған.




Көрілген: 566    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.07.2021, 10:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30