АҚШ генералы: Ресейдің әскерін талқандап, флотын түгел суға батырамыз

03 қазан 2022, 16:01

Ресей Украинаға қарсы ядролық қару қолданса, АҚШ пен НАТО әскері осылай жауап бермек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі nege.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Орталық Барлау Басқармасының бұрынғы басшысы Дэвид Петреус мәлімдеді.

 

«Біз Украинадағы майдан даласындағы және Қырымдағы көзімізге түскен және анықтаған барлық конвенционалды күштерін тас-талқан етеміз. Оның ішінде Қара теңіздегі ресейлік кемелерді де нысанаға аламыз», - деді отставкадағы армия генералы Дэвид Петреус.

 

Оның пікірінше, АҚШ пен оның одақтастарына қарымта ядролық қару қолданбай-ақ, осындай әскери қадам жасау жеткілікті болмақ.