Шартарап

АҚШ коронавирусқа қатысты қызықты мәлімдеме жасады

  • © Reuters

    © Reuters

Экс-президент бұл вирус қытайлық Уханьдағы зертханадан шықты деп мәлімдеген болатын. Ал Джо Байден мен бүкіл демократиялық партия вирустың адам қолымен әзірленгенін мейлінше жоққа шығарып келді. Енді міне, оқиға басқа бағытта өрбіп отыр. Өткен аптадан бері президент Байден вирустың зертханада пайда болу ықтималдылығы туралы пікір білдірді, деп жазды РИА Новости.

 

Вашингтондық әкімшілік коронавирустың қолдан жасалуына кінәлілерді де тапқан секілді. Байденнің бұйрығы бойынша америкалық арнайы қызмет вирустың Қытайда әзірленуі бойынша нұсқаны тергеп-тексеретін болады.

 

Мұндай айыптауға The Wall Street Journal басылымындағы пандемия ресми түрде басталғанға дейін Уханьдағы кейбір ғалымдардың коронавирусқа ұқсас ауру жұқтырғандары туралы мақала негіз болып отыр.

 

Бірақ бұл оқиғаның көлеңкелі тұсы көп әрі дәлелі жоқ. Ал Бейжің қытайларға қарағанда америкалықтар адам жасушасына жақсырақ енуге мүмкіндік беретін белгілі бір секвенциялар енгізілген вирустармен экспериментпен белсенді айналысқанын мәлімдеуде.

 

2019 жылдың жаз-күзінде АҚШ-тағы белгілі әскери зертхана Форт-Детрик аяқ астынан жабылып қалды. Мұнда зерттеліп жатқан ең қауіпті вирустың барлығы бар.

 

Айта кету керек, әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі секілді АҚШ Биологиялық және токсинді қаруға тыйым салу туралы конвенцияға қол қоймаған. Аталған құжатқа қол қойған мемлекеттер бір-бірінің зертханаларына тексеру жүргізе алады. Оның ішінде Қытай да, Ресей де бар.

 

Осы тұста Форт-Детрик зертханасының жабылуы да күдікті. Жоғары құпиялылық нақты қандай вирустың таралып кеткені туралы ақпарат таратуға тыйым салады. Алайда дәл сол жылы күзде АҚШ-та өкпе ауруларының эпидемиясы басталып кетті. Мұны америкалықтар вейптің жанама әсері деп мәлімдеді. Жалпы бұл ауру сипаттамасы жағынан коронавируске қатты ұқсайды. Қазанда америкалық әскерилер халықаралық спорт жарысы үшін Уханьға аттанады да, қытай сарапшыларының пікірінше, дәл сол кезде америкалық коронавирус жергілікті халыққа жұққан. Міне, Қытай ұсынып отырған мәлімет осындай.

 

Әрине, бұл нұсқаның да келіспейтін тұсы көп. Оны да даулауға болады. Бір жылдан астам уақыт бойы америкалықтар коронавирустың өздігінен пайда болғанын мәлімдеп келіп, аяқ астынан пікірлерін өзгертуі де ой салады.

 

АҚШ-тағы иммунолог әрі инфекционист дәрігер Энтони Фаучи коронавирус адам қолымен жасалғанын жоққа шығарып келді. Әлеуметтік желіде бұл пікірмен келіспейтіндерді мазақ етіп, күлкіге айналдырды. Француз вирусологы, Нобель сыйлығының лауреаты Люк Монтанье коронавирустың жасанды жолмен пайда болғаны туралы мәлімдемесі үшін қызметі және беделінен айырыла жаздады.

 

Ұлты қытай америкалық вирусолог Бинь Люді бір жыл бұрын Питтсбургте атып өлтірді. Коронавирус құрылымын зерттеумен айналысқан ол қызықты бір жаңалық ашқанын мәлімдеп үлгерді. Алайда осы мәлімдемеден кейін оны атып кетті.

 

Айта кету керек, коронавирустың өздігінен пайда болғанын дәлелдейтін факті әлі де табылған жоқ. Өткен қыста Қытайда жұмыс істеген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының миссиясы да ешбір дәйек таппады. Халықаралық сарапшылар бұл вирус қандай жолмен жарқанаттан адамға жұққанын анықтай алмады.

 

Ғалымдар бір уақытта панголин сынды сирек кездесетін жануардың да вирус таратушысы болуының ықтималдылығы туралы мәлімдеме жасады. Әйткенмен бұл теория еш дәлел тапқан жоқ. ДДҰ өкілдері коронавирустың Уханьдағы зертханадан тарағанын растайтын фактіні де анықтай алмады.

 

Қалай болғанда да, коронавирустың әлем үшін адам қолымен жасалған қасақана қылмысы ма, жоқ, расында да зертхананың бірінен байқаусызда вирус тарауының салдары ма, ол жағы әзірше беймәлім. Бұл мәселенің ақиқаты ашылуы да екіталай. Әзірше, тек түрлі болжамдар мен айыптаулар легі жалғасып жатыр.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 4222    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 20:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31