АҚШ КСРО-ның тағдырын қайталауы мүмкін - Трамп

27 шілде 2022, 10:27

АҚШ КСРО-ның тағдырын қайталауы мүмкін. Елдің бұрынғы президенті Дональд Трамп осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Трамптың Вашингтонда сөйлеген сөзі Guardian News YouTube арнасында жарияланды.

 

Экс-президент саясатпен айналысуды жалғастыруға уәде берді.

 

"Егер мен саясатқа араласуды тоқтатсам, біздің ұлтымыз  Венесуэлаға немесе екінші Кеңес Одағына айналуы мүмкін", — деді ол.

 

Оның пікірінше, АҚШ қазір осы бағытты ұстанып келеді.

 

"Немесе бәрінен айырылған, үміті сөнген үлкен Кубаға айналуы ғажап емес", — деп түйіндеді Трамп.

 

Бұған дейін Дональд Трамп АҚШ әлем алдында тізе бүгіп, түрлі қорлауларға төзіп отырғанын мәлімдеген.