Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

АҚШ Қытай шекарасына соғыс кемесін жіберді

20 тамыз 2020, 01:17

Вашингтон, Пекин және Тайбэй арасындағы әскери шиеленістер әлі де жалғасып, Америка Құрама Штаттары сейсенбіде Тайвань бұғазына әскери кемесін жіберді. Бұл туралы South China Morning Post хабарлады.

 

АҚШ-тың Тынық мұхит флотының хабарлауынша, америкалық зымыран жойғыш "USS Mustin" Тайвань мен Қытай материгі шекарасындағы су жолымен жүріп өтті.

 

–Американың 7-ші флоты (штаб-пәтері Жапонияда орналасқан) Үнді-Тынық мұхиты аймағында АҚШ-тың ұлттық мүдделерін қолдау мақсатында әскери-теңіз операцияларын жүргізеді,– делінген сәрсенбі күні таңертең жасалған мәлімдемеде.

 

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің ең үлкені есептелетін 7-ші флоты теңізге шығатын 35 мемлекетпен теңіз қауіпсіздігін нығайтуға, тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қақтығыстарды болдырмауға бағытталған серіктестік қарым-қатынас орнатып жатқаны хабарланған.

 

– АҚШ билігі халықаралық заң рұқсат еткен жерде ұшу, жүзу және жұмыс істеуді жалғастырады,–делінген Вашингтонның мәлімдемесінде.

 

Басылымның жазуынша, әскери операцияны Пекин зымыран жойғыштарымен бақыласа, Тайвань фрегаттарын жіберген.

 

Айта кетейік, АҚШ соңғы алты айда Оңтүстік Қытай теңізінде белсенді әрекет етуде.

 

qamshy.kz