Шартарап

АҚШ Қытайды көмірқышқыл газ қалдығын азайтуға шақырды

  • АҚШ Қытайды көмірқышқыл газ қалдығын азайтуға шақырды

    АҚШ Қытайды көмірқышқыл газ қалдығын азайтуға шақырды

АҚШ президентінің климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Керри Қытайды көміртегі қалдығын азайту үшін күш салуға және оны арттыруға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Boston Globe басылымына сілтеме жасап.

Керридің айтуынша, Қытай қалдықтарды жеткілікті деңгейде төмендетпесе, жаһандық жылынуды 1,5 Цельсий градус деңгейінде ұстау мақсаты "орындалмайды".

 
Джо Байденнің арнайы өкілі осыған байланысты Вашингтон мен Бейжің арасындағы ынтымақтастық "қазіргі дүниежүзіндегі өзін-өзі өлтіруден құтылудың жалғыз жолы" деді.

Парниктік газ қалдықтарының 28 пайызын шығаратын Қытай бұған дейін 2030 жылға дейін осы көрсеткішті барынша төмендетуге міндеттеме алған, бірақ ол қашан төмендей бастайтыны түсіндірмеген.

Керри 2030 жылға қарай әрбір ірі экономика зиян қалдықтарды едәуір азайтуға міндеттеме алуы керек екенін айтты.

"Біз 1,2 градусқа жылынудың салдарын көріп отырмыз. Бұл көрсеткіштің екі еселенгенін жай қарап отырғанымыз, апатты өз қолымызбен жасадық дегенмен бірдей", - деді Керри.
Ол жаңа көмір электр станцияларын салып, тропикалық орманды әлі де заңсыз кесіп жатқан елдерді сынға алды.

"Олар қайтарылмайтын биоәртүрлілікті жойып, климатты тұрақсыздандырады", - деді Керри.
Bloomberg Climate Policy Factbook мәліметі бойынша, G20 елдері 2015 жылдан 2019 жылға дейін қазба отынын қаржыландыруды 10 пайызға қысқартқан. Алайда сегіз ел, соның ішінде АҚШ, Канада және Аустралия осы кезеңде мұнай, көмір және газға қаржылық қолдауын арттырды.




Көрілген: 540    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.07.2021, 10:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30