Шартарап

АҚШ Қытайға қарсы шаралар қолданбақ

  • АҚШ Қытайға қарсы шаралар қолданбақ

    АҚШ Қытайға қарсы шаралар қолданбақ

АҚШ коронавирус індетінің таралуына Қытайды кінәлап, оған қарсы шаралар қолданбақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Дональд Трамп мұндай мәлімдемені Ақ үйде жақтастарымен өткен сайлауалды кездесуінде айтты. 

Пікірсайыстың жүргізушісі АҚШ көшбасшысынан «Қытайға қатысты қандай шаралар қолданатын боласыз?» деп сұрады.

«Қытайға қарсы біраз шара қолданатын боламыз. Олардың жасағаны нағыз масқара! Бүгінде бүкіл әлем Қытайдың кесірінен маскамен жүруге мәжбүр», - деді Трамп.
Алайда АҚШ Президенті нақты қандай шаралар қолданатынын жарияламады. Сондай-ақ Дональд Трамп алда болатын президенттік сайлаудағы қарсыласы  Джозеф Байденді ұлттық мүдделерді Пекиннің пайдасына құрбандық етуде деп айыптады. 

«Байденді Қытай сатып алған. Оның ұлына Қытай 1,5 млрд доллар пара берген. Байден Қытайға келгенде осалдық танытады. Ол әуел бастан сондай» - деді өз сөзінде АҚШ Президенті. 
Пекин мен Вашингтон арасындағы текетірес пандемия жағдайында тіптен ушыға түсті. Трамп бұған дейін де аспанасты елін эпидемияның басталуына кінәлі деп айыптады. Дәлірек айтқанда, АҚШ астанасы Пекинді инфекцияның пайда болуы мен оның таралу көлеміне қатысты ақпаратты жасырып қалды дейді. Өз кезегінде Қытайдың Сыртқы істер министрінің орынбасары Лэ Юйчэн «Пекин коронавирусқа қатысты ешбір ақпаратты жасырған емес» деді. Қытайдың ресми өкілінің айтуынша, эпидахуалды кейбір саяси тұлғалар аспанасты елін масқаралау мақсатынды тиімді пайдаланып отыр.




Көрілген: 744    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 12:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30